Өлең, жыр, ақындар

Өңеш

  • 06.04.2021
  • 0
  • 0
  • 407
Тойып тамақ іше алмаймын
Өңешімнен жаралы ем.
Содан болар, сеземін мен
Тірлік құнын шамамен.
Қымбат тартып кетеді екен
Ауыл-аймақ, дала-дөң.
Шыңғыс ханның өңешіне
Сыйып кеткен — Жер шары.
Наполеон жұтқынынан
Өтпей қалған бір тары.
Белгілі еді әлімсақтан
Бастан базар тарқары.
Міне осындай мысалдарға
Мән бермейді жұрт өлі.
Өңеш-өзен, өтіп жатыр,
Тығын болмас шамалың.
Қылғытады Елін, Жерін,
Тоқтата алмас шамалы үн.
Ей, Қомағай!, халың қалай?
Сау ма, қарның, тамағың?
Дәрмені жоқ, ақын сол кез
Қолға алар қаламын.
Жыр жазады осыны ойлап
Көз жасымен бір ақын.
Жүрегі тек қайырым деп,
Ізгілік деп соғатын.
Кешіретін, ойып алсаң,
Керек болса қоң етін.
Өкпелейтін "аталарша"
Насыбайға бір атым.
Біреу ауру "алтын-зердің"
Сәулесіне қарығып.
Біреу ауру нан мен тұзын
Айыра алмай тарығып.
Күннен күнге бара жатыр
Әлем неге қағынып?
Не сыйламақ Бостандығым
Күткен сонша зарығып?
Дінсіздер тек біле тұра
Арам астан тата алар.
Ақымақ тек ойламайды:
Өз ісімде қате бар.
Қомағайды дейді халық
Ақыр түбі қақалар.
Иман керек анау жаққа,
О дүние тақалар.
Қанағатсыз — ел бүлдірер,
Дау туғызар түбінде.
Даудың соңы айналады
Шоқпар ұстар дүбірге.
"Желтоқсанда" көзбен көрдік
Халық қандай бұл күнде.
"Айтақ" десе алып түсер
Ыза жатыр ішінде.
Қомағайлар! Қайтесіндер —
Кетсе қарын жарылып?
Зар боларсың жұтым суға
Қалса өңеш тарылып.
Дәл сол шақта үлгермейсің
Күнәлардан арылып
— Ау, ағайын!.. Қанағат! — деп,
Қылған ақын зарын ұқ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әлі өтеген жоқ едім қарызымды

  • 0
  • 0

Ұрандатсақ жас кезде – маздайықшы,
Көңiл қайтқан мiне ендi, жаз тайыпты.
Жалыны жоқ, жүректе шоғы қалған,
Көкiректе қоздайды саз байыпты

Толық

Ұйқысыз түн

  • 0
  • 0

Кілт өзгеріп, күн бата, жаратылыс,
Тапқандай ма, аз дамыл, дала тыныш.
(Табиғаттан тыс туған құбылыстай,
Бұ не ғажап, алмайды қала тыныс).

Толық

Ақ отау, Атамекен, ақ бесігім

  • 0
  • 0

Ақ отау, Атамекен, ақ бесiгiм,
Қалай деп ат тақсам да – тәттi елiмiң
Ата-анам алғаш к зiн өзi де ашып,
Өзi де өмiр “иттiң” жапты есiгiн.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар