Өлең, жыр, ақындар

Бір уыс топырақ, бір шекім бұлт

  • 06.04.2021
  • 0
  • 0
  • 770
Бір уыс топырақ,
Бір шекім бүлт енші алып
Кетсем бе екен
Имандылау жер шалып
Иіскетермін ұрпағыма болашақ,
Уа, Тәңірім! Тазасынан берші алып!
Бұйрығы Алла, адам жерді мекендеп
Келе жатқам қожасы өзім екен деп
Анық қожа адам емес "Азу" боп,
Жорғалаймын, баста ноқта "тепең көк".
Ең лас зат "Азу" ізі бү күнде,
У-дың у-ы "Азу" демі бұ күнде.
Елдің жауы, Жердің жауы "Азулар",
Мен қол қойдым сондай қатал "Үкімге"
"Қожа - Мен" деп, "Еге-Мен" деп бөсем кеп,
"Мен туған жер! — деймін — содан есем көп!"
Еге еместер жарып жатыр жатырды,
Дәнін емес топырақтай жесем деп.
Күнді жалдап, Ай сатылып құрымай
Тұрғанында... қамдансам ба бұрын-ай
Тығып қойсам осы бастан емге деп,
Бір шырақтық Күн сәулесін, нұрын Ай.
Бір уыс топырақ,
Бір шөкім бұлт енші алып,
Кетсем бе екен
Имандылау жер шалып
Иіскетсем бе ұрпағыма болашақ,
Уа, Тәңірім! Тазасынан берші алып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үміт сапарында

  • 0
  • 0

Арман жай — Жерде ме екен,
Көкте ме екен?
Бар адам арман қуған, қайтсе жетем?
Мен Сені іздеп келем үміт етіп,

Толық

Мезгілдер

  • 0
  • 0

Жастық — жалын, тау-құз селі, одан тұнық іздеме,
Қарттық — сабыр, беті тыныш, асты лай бірдеңе.
Жастық — дауыл, желкенсіздер жете алмас жағаға,
Қарттық - шалқар, айдыныңда қатар жүзер жүз кеме.

Толық

Жайлауда

  • 0
  • 0

"Төре жайлау", қауыштым мен сенімен,
Сұлулықтың, апырмай, сен шегі ме ең!?
"Мүсілім сай" бастауы - қарт әженің,
Иіп кеткен ұлына емшегі ме ең?

Толық

Қарап көріңіз