Өлең, жыр, ақындар

Жаңа жылда

  • 06.04.2021
  • 0
  • 0
  • 338
Кетті бір жыл төгіп жерге ұл-қызын.
Жетті бір жыл — болашағың, жалғыз үн.
Кетті бір жыл көміп жерге үмітті,
Жетті бір жыл жағып арман жұлдызын.
Жылдар, неткен, көп нүктедей шеру ең,
Алда Арман, алда Үміт — керуен.
Бірі елге Азаттықты әкелсе,
Бірі ерге міндет артқан елу ең.
Жылдар, Сіздер, қайталанбас жалқысың,
Ойлы жанға бәрің сотсың, талқы, сын.
Жирма бесте, қырықта да кездеспей,
Дәметеді кісіліктен алпысың.
Силап жатыр он жетісін, отызын,
Силап жатыр Үміт-шылбыр өте ұзын.
Мойын жара Арман-ноқта сүйреткен,
Басы ұмыт, ортасы елес, шеті шын.
Босанған бар сол ноқтадан еліріп,
Бірі жайпап, бірі құрып серілік.
Даттап өтіп, аттап өтіп тірлікті,
Ойрандап жүр бәрін солар кері ғып.
Кейбіреуге Парыз артық жүк болып,
Тапқан орны бұ ғүмырда — нүктелік.
Ал біреудің жастай жаны жаралы,
Көтере алмай Парыз жүгін бүктеліп.
Әз арманы нәр боп тарап, ішіліп,
Асқарлар жүр әзіз басын кіші ғып.
Ал біреуі Ақиқаттан пішіліп,
Біреу тіпті тұнып тұрған Кісілік.
Қоштасқанның бәрі қымбат неліктен?
Мен өмірге жоқ іздеуге келіп пе ем?
Жаңа Жылға "Арман-кесе" алдырам,
Ортақтасшы, қарындастар, бөліп тең
"Үміт-Көлдің" мұңын ұрттап көріп пе ең?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әйелдер

  • 0
  • 0

Өзіңе балап, әлемді ерлер ұмытқан,
Бөбектер сусап, нәр алған сенен, тұнықтан.
Жаулығың сенің бір үйлі жанға шатыр боп,
Жанарың сенің бір үйлі жанды жылытқан.

Толық

Қақпақтай тасты қақ жарып

  • 0
  • 0

Сәндене басып, паңданып,
Жүр едім босқа сандалып.
Тізерлеп міне отырмын
Ғажапқа мынау таң қалып?..

Толық

Сағындыр мені, сағындыр

  • 0
  • 0

Кержағалданып —
Баланың ұзақ ұстаған шақпақ қантындай,
Ақтауларым-ай,
Тұрсыңдар ма әлі

Толық

Қарап көріңіз