Өлең, жыр, ақындар

Сағындыр мені, сағындыр

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 405
Кержағалданып —
Баланың ұзақ ұстаған шақпақ қантындай,
Ақтауларым-ай,
Тұрсыңдар ма әлі
Жүрегімдегі қалпыңда-ай!
Өрнегің сау ма,
Ерінбей салған
Ғасырлар демі там-тұмдай?
Табынтқан мәңгі,
Қойғандай алып туғаннан менің антымды-ай!
Үгіліп біткен
Саумысың менің Қаратау атты қарттарым!
Қарсы алдым қанша
Шыңында сенің жарқырай таңның атқанын!
Айналайындар-ай!
Бала боп кеше,
Шал болған бүгін шағымда
Саянда сенің
Аяулы назды, сиқырын сезім жаттадым.
Сапыра соғып Жатырсыңдар ма,
Табынтқан мені толқындар.
Ала ма сені Құшаққа өлі
Менсінбес жанды сол шыңдар?!
Мәңгілік сезім —
Ғаламда мынау
Өзіңде ғана сақталған,
Айқасса құшақ
Сендерге ұқсар
Сұлтандар менен Шолпандар.
Өзегім күйе
Өртене жаздап —
Сағындым екен қайсыңды?
Сезімім асқақ Сағыныш сәті
Жалынды жыр боп айтылды.
Атамның жері, Анамның тілі —
Бақытым менің, мақтаным,
Жырлаймын қалай Өзіңді жаным —
Ұйқассыз сөзбен жәй тілді!
Асқар тау едім!
Мыжылып бұ күн
Өзіңдей болған шағым бұл
Бас толы арман, Қияли адам —
Далаңдай сенің — сағымды ұл.
Құмыңдай көшіп,
Толқындай өшіп,
Кетерміз сезім сенгенде,
Табындыр көкем,
Жалындыр жаным,
Сағындыр мені, сағындыр!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызыл теңдік

  • 0
  • 0

Аврора зеңбірегі
Жалын құсып кенеттен —
Бір-ақ сәтте бақ пен сорды,
Жоқ пен барды тең еткен.

Толық

Жағымпазға

  • 0
  • 0

Көресің-ау өзіңді ақылдырақ,
Қамқорсисың, әрдайым, жақынсырап.
Сипамашы арқамнан, жек көремін,
Жүрген жоқпын мен сенен ақыл сұрап.

Толық

Ізі өзің атақты қайқылардың

  • 0
  • 0

Өнерді сен өмірге балап едің,
Өлең-жырға толы еді жан әлемің.
Талапайлап аузыңнан алып кетті,
Ақкүріш-ау, әніңді қалап елің!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар