Өлең, жыр, ақындар

Ақтаудағы аппақ қар

  • 07.04.2021
  • 0
  • 0
  • 556
Аппақ, аппақ аққудың
Ақ мамығын таңдап ап —
Себелесе ақ аспан,
Ғажайып шақ, жанға бап!
Жып-жылы қар, жұп-жұмсақ,
Мейір төккен Көкте кім?
Бал сезімге кенеліп,
Қарық болдым теп-тегін.
Дейтін болар көктемде,
Көк-жасыл боп түлесін!
Маңғыстаудың даласы
Алып жатыр үлесін.
Ақ пердесін тұтынды,
Аспан асты ағарып.
Аққа бәрі бағынған,
Аппақ бәрі тазарып.
Ғажап сезім шарпиды
Жүрек, тіпті сүйекті.
Кетсе кенет ағартып,
Шіркін, қара ниетті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көк алаң

  • 0
  • 0

Етеді ылғи мені алаң,
Жусанды, еркек көк алаң.
Жаймасам құшақ, жұмып көз,
Ғашықты қалай өбе алам.

Толық

Елуге келген Әбішке

  • 0
  • 0

Адайдың бетке ұстаған аймаңдайы,
Жоқтаудан ел мүддесiн таймайды әнi.
Сарайы – бейне қоржын, жинай берген
Сырларын ата-баба қай-қайдағы.

Толық

Ғұрып күші

  • 0
  • 0

Ғұрпымыз солай, өлгенді жоқтап жылайды,
Ағайын түгіл бейтаныс жасын бұлайды.
Ауырын зардың, шығынын малдың бөлісер,
Қайғылы жанын түсінген жандар былайғы.

Толық

Қарап көріңіз