Өлең, жыр, ақындар

Ізде мені

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 390
Өзіңді көрмегелі, шырағым-ау,
Көзімді боталатып жыладым-ау.
Қарадым қара қошқыл бұлттарға
Нанбасаң көк аспаннан сұра мынау.
Сұрашы зікір салған кептерлерден,
Оларға шағынып ем жеткен желден.
Артыма жаутаңдадым амалым жоқ,
Өзіңе қош айтысып кеткенде елден.
Тоғайдың сырға таққан шеңгелдері,
Көгеріп қалып еді сен келгелі.
Телмірдім соларға да сырымды айтып,
Белгісіз жек көргені, жөн көргені.
Осы ма жылуы жоқ күз дегені,
Тентек жел жапырағын үзген еді.
Сағынсаң ысып-жанып, есің кетіп
Арыстың толқынынан ізде мені.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шырын шумақтар

  • 0
  • 0

Шараптан көрмесе де кісі емделіп,
Іштім бе, іше берем, ішем келіп.
Бірауық масаңдау боп жүрген артық
Қалғанша қайғы-мұңға кісенделіп.

Толық

Пенделер істейді екен өз дегенін

  • 0
  • 0

Пенделер істейді екен өз дегенін,
Ал менің сәл бөлектеу көздегенім,
Халықтың датын айтып өтсем деп ем
Жүрекке салғаннан соң сөз көгенін.

Толық

Жүрегімнің таба алмай белгілі емін

  • 0
  • 0

Жүрегімнің таба алмай белгілі емін,
Өзімді-өзім соншама сендіремін.
Суретіңді тұсыма іліп қойып,
Түсініксіз үмітпен телміремін.

Толық

Қарап көріңіз