Өлең, жыр, ақындар

Өзің болып тиемелдім

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 604
Өзің болып тиемелдім
Сүйе бердім, сүйе бердім.
Өмірімде алғаш рет
Бір бақытты иелендім.
Қысып тұрып сені күлген,
Сүйе бердім ерініңнен.
Айрылып-ақ қалатындай,
Елеңдеген елігімнен.
Сүйе бердім тамағыңнан,
Аймаладым анарыңнан.
Мейірімің шуақ шашты
Күн шығатын қабағыңнан.
Күліп сүйдім, жылап сүйдім,
Етпетімнен құлап сүйдім.
Жүрегіме қаны қатқан
Жан-жарамды сылап сүйдім.
Отқа оранып жалын денем,
Жайып салып барымды өлең.
Ерініме тиген жердің
Сүйе бердім бәрін де мен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шын жылап көріп пе едің ғұмырыңда

  • 0
  • 0

Шын жылап көріп пе едің ғұмырыңда,
Айналып қасіреттің шығырында.
Өзіне шақ қайғысы болады ғой,
Ақылы тайыздың да, ұлының да.

Толық

Көктем келер кешігіп

  • 0
  • 0

Көктем келер кешігіп,
Оның, сәулем, несі мін?
Жел де соғар өшігіп,
Мәңгі сөнбес есімің.

Толық

Генерал Жеңісбай Сұлтановқа

  • 0
  • 0

Ар алдында адалмын ба өзі мен,
Қарайыншы сырт адамның көзімен.
Талай нәрсе сіңіп еді санаға
Көпті көрген генералдың сөзінен.

Толық

Қарап көріңіз