Өлең, жыр, ақындар

Өмірім менің поэма

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 608
Өмірім менің поэма,
Өмірім менің роман.
Аяма тағдыр, аяма,
Аяған жоқ қой бір адам?
Өмірім менің «былғаныш»,
Өмірім менің түн-түнек.
Бозторғай жырым пырлап ұш,
Күнәһар жанды сілкілеп.
Неше жыл жатқан текемет,
Шаңынан оңай арылмас.
Сырымды айтсам «Е-һе!» деп,
Ұғатын жан да табылмас.
Қағида қалған сіресіп,
Өзіңді өрте, ас дарға.
Көргеніңменен күресіп,
Тіл бітпес мылқау тастарға.
Көретін жарық көп әлі,
Кейіндеп кетсем қатардан.
Он сегіз жаста не бары,
«Тас бауыр әке» атанғам.
Болған жоқ десем бұл оңай,
Маңдайдан сипап, кім сенер?
Жайымды тіпті сұрамай,
Жайғады мені дүмшелер.
Болмады менде бір бақыр,
Табылмай жақын «тегім» дер.
Жолыма торды құрды ақыр
Жемсауы толмас жебірлер.
Жағамнан алды кемпір-мұң,
Туысы көптер жасайды-ақ.
Көтеріп ұлды сен тұрдың,
Өш алып менен масайрап.
Өмірім менің «былғаныш».
Өмірім менің түн-түнек.
Қуамын жарық күнді алыс,
Тазармас жанды сілкілеп.
Өмірім менің поэма,
Өмірім менің роман.
Жайыңа өмір қоя ма,
Тіршілік етер тірі адам!
Тіршілік етер тірі адам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тентегім-ау

  • 0
  • 0

Тентегім-ау,
Келіп қалған қалаға ерке елік-ау.
Балбұлақтың суындай сыңғырлаған,
Таусылмайтын бір күйді шертемін-ау.

Толық

Қаратау бар қазаққа шаңырақ еді

  • 0
  • 0

Қаратау бар қазаққа шаңырақ еді,
Қапталда жетім қозы маңырап еді.
Басынан Қаратаудың көш көрінсе,
О баста көшті үркіткен қалмақ еді.

Толық

Өлең менен адаспаса болғаны

  • 0
  • 0

Өлең менен адаспаса болғаны,
Жетті-ау деймін бәрінің де толғағы.
Ал Қәландар әлемге хат жолдады,
Есі барға бақ-дәулетің қонбады.

Толық

Қарап көріңіз