Өлең, жыр, ақындар

Қаратау бар қазаққа шаңырақ еді

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 283
Қаратау бар қазаққа шаңырақ еді,
Қапталда жетім қозы маңырап еді.
Басынан Қаратаудың көш көрінсе,
О баста көшті үркіткен қалмақ еді.
Бұл жерде аңыз қалған ғашықтардан,
Ел-жұрты аңшылыққа машықтанған.
Қалмақтың өктемдігін көтере алмай,
Қарт таудың қара тасы басып қалған.
Сол жерде Бәйдібек би заңғарда тұр,
Алаңсыз Үлкенбөген – аңғар жатыр.
Назым қыз Қызылкөлде өрмек тоқып,
Табысқан қыз Назыммен Қамбар батыр.
Жинаған асыл мекен бар аңызды,
Әлі де аман сақтар даламызды.
Оранған кимешекке Қостұрада
Кім білмес Домалақтай анамызды.
Көп еді айта берсем тектілерім,
Басына тектілердің көп түнедім.
Келгенде тәуелсіздің жалаулатып,
Біздің ел бостандыққа жетті дедім.
Қалғын жыр Орынбай мен Нұралыдан,
Басталған Қаратаудың бұлағынан.
Сәулесі түсті білем бір Алланың
Өлең-жыр ажырады тұманынан.
Жарасқан бір Аллаға құлшылығы,
Мен едім өлең емген жыр Сүгірі.
Маңында Қаратаудың басталыпты
Алғашқы адамдардың тіршілігі.
Жүрсем де Кәландардың дорбасымен,
Жол салдым бұрынғының арнасымен.
Киелі Қаратауды мекендеген
Алғашқы адамдардың жалғасы - мен.

26. ХІ. 2006 жыл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дәл өзіңдей ешкімді сүйгенім жоқ

  • 0
  • 0

Дәл өзіңдей ешкімді сүйгенім жоқ,
Одан бөлек бойымда түйме мін жоқ.
Есігіңнен сығалап, тесігіңнен,
Өзімді-өзім терідей иледім көп.

Толық

Жетімсіреген жүзімдер

  • 0
  • 0

Оралып едім қайтадан,
Көп жылдан кейін ауылға.
Жұмыртқа ойды шайқаған,
Кездестім мұңды дауылға.

Толық

Басыма менің сан күндер құрды өрмегін

  • 0
  • 0

Басыма менің сан күндер құрды өрмегін,
Таусылды білем серуен-сауық ермегім.
Екі көз төрт боп жолыңды күттім күн сайын,
Бермедің хабар, қиналған кезде келмедің.

Толық

Қарап көріңіз