Өлең, жыр, ақындар

Жетімсіреген жүзімдер

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 311
Оралып едім қайтадан,
Көп жылдан кейін ауылға.
Жұмыртқа ойды шайқаған,
Кездестім мұңды дауылға.
Құлазып тұрдым кеште мен,
Шиқылын тыңдап шымшықтың.
Жаныма болмай ештеңе ем,
Тынымсыз түйсік,
Түршіктім.
Көңілді тасқын құлатып,
Кірпікте бір сәт шық тұрды.
Қасыма келіп жұбатып,
Кейуана көп жай ұқтырды:
--Шал кеткелі осы бақ,
Қиындық көрді не түрлі.
Сан көктемді тосып ап,
Жылайтұғын секілді.
Шал кеткелі жүзімнің,
Тазартқан жан жоқ арығын.
Қаңтарда үсіп, үзілген,
Жел ұшырды пәрігін.
«Пензент» деп еккен еңбегін,
Жеңгесі едім көз көрген.
Болсын-ау қайдан сенде мін,
Жүдеген кезде кез-келген.
Көркейтем дейсің кеш келіп,
Бұзылған орнын ошақтың.
Әруағын шалдың ескеріп,
Шешеңнің көңілін босаттың.
Есіме алып мұңданам,
Әкеңнің сонау сау күйін.
Жолыңа бітсін гүл, балам,
Батамды бердім, Әумин!!
Тербетіп сөзі кемпірдің,
Егіліп кетті ер көңіл.
Бұза алмай тағы мен тұрдым,
Өрмекші мұңның өрмегін.
Әкешім қайтқан кездері,
Көңілдің сұрқай күзінде.
Жаутаңдап еді «көздері»,
Артында қалған жүзімдер.
Боталап жүр-ау көздері,
Жетімсіреген жүзімдер.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ары өтесің, қыдырып бері өтесің

  • 0
  • 0

Ары өтесің, қыдырып бері өтесің,
Көңілімнің кетіріп берекесін.
Қиялдарға жетелеп өзгешелеу
Мені бір сәт дүниеде сері етесің.

Толық

Түркістан

  • 0
  • 0

Ордабасы ордалы,
Темірланның жерінде,
Қозы ойнаған көгінде,
Лағы тасқа секіріп,

Толық

Толқынына телміріп ұлық Сырдың

  • 0
  • 0

Толқынына телміріп ұлық Сырдың,
Көріп келем жасымнан қырық сүргін.
Нем бар менің қазақтай ұлттан бөлек
Сол себепті ұлыған ұлтшылмын.

Толық

Қарап көріңіз