Өлең, жыр, ақындар

Түркістан

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1335
Ордабасы ордалы,
Темірланның жерінде,
Қозы ойнаған көгінде,
Лағы тасқа секіріп,
Қариясы отыр төрінде,
Қыран ұшқан өрінде,
Бұлақ аққан белінде.
Ордаң осы сенің де,
Ордам осы менің де.
«Елімайлап» қазағым
Қаратаудан құлаған,
Майдандағы батырдың
Қарындасы жылаған,
Ұлы баба - билерім
Алладан медет сұраған,
Қылышынан жоңғардың
Талай шаңырақ құлаған
Қалуы үшін діл аман,
Қалуы үшін дін аман,
Қалуы үшін тіл аман,
Ел жиналып ордаға
Үш жүз басын құраған,
Осы тауда бар қазақ
Шын елдігін сынаған.
Әлібекұлы Төле би
Сөзін айтқан салмақты
Қаз дауысты Қазыбек
Бар тілегін арнапты,
Асыл текті Әйтеке,
Уәлі сөз жалғапты,
Сауын айтып ұлы ел,
Жоспар құрды жан-жақты.
Бабаларға ас беріп,
Абыз жырын арнапты
Әбілқайыр бас болып,
Талқандапты қалмақты,
Ордабасы ордалы
Қазақ жұртын қорғапты.
Ұлы билер сол таудан
Елге деген сөздерін,
Болашаққа жолдапты.
Дәл үш ғасыр өткенде,
Осынау алтын бөктерге,
Мамыражай көктемде,
Аспаннан нөсер төккенде,
Назарбаев Нұрсұлтан
Туын тікті көк белге.
Ордабасы түледі,
Аунап түсті сол жолы
Бабалардың сүйегі,
Уылжыды сол жылы
Қарт тарихтың жүрегі .
Қобызымен Қорқыттың
Кірді дала реңі,
Қайта жанды Түркістан
Бұл даланың тірегі,
Шәмші әніне айналды,
Бал қыздардың гүл өңі,
Менде сонда жырладым,
Бата беріп Ғұн елі,
Басын қосты тағы да,
Түркістанның түмені!
Дәл сол кезде басталған
Түркістанның той жыры,
Тұрды қолға ту ұстап,
Нұрсұлтандай ойлы ұлы,
Түгел аунап жатқандай,
Ер Түріктің ой-қыры.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Саған артар ініңде тегі мін жоқ

  • 0
  • 0

Саған артар ініңде тегі мін жоқ,
Қызды көрсең жүресің «келінім» деп.
Ойға-қырға сүйреген он жыл бұрын,
Өртеп кеткен секілді желігімді от.

Толық

Қысқан кезде жан-жағымнан

  • 0
  • 0

Қысқан кезде жан-жағымнан,
Қайғы ауруға ем де қонбай.
Қолды жайып жалбарынғам,
Жайымды ұғар пенде болмай.

Толық

Әкем де болған, шешем де болған мұңдарым

  • 0
  • 0

Әкем де болған, шешем де болған мұңдарым,
Ешкімге сенбей, сендерді ғана тыңдадым.
Иілсем-дағы боранның тұрып өтінде,
Сынбадым,

Толық

Қарап көріңіз