Өлең, жыр, ақындар

«Алла» деп оянады несібелі ер

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 344
«Алла» деп оянады несібелі ер,
Алланы пір тұтқан жан өсіп-өнер.
Ұмытқан сәттерім көп иманымды,
Я, Алла, өзің мені кешіре көр!
Сәждеге басымды иіп көрмеген ем,
Шайтанның ісі болды мендегі өлең.
«Махаббат» деп шарапқа тойыңқырап,
Жыладым зарлы жоқтай елде менен
Кітабын дінсіздердің парақтадым,
Пақырға жеті теңге таратпадым.
Тілімді кәлимаға келтірмедім,
Сондықтан жол бермеді жаратқаным.
Я, Құдай, шек келтірмен кеңдігіңе,
Тобаға келіп тұрмын енді, міне.
Мен дағы Мұхаммедтің үмбеті едім,
Заманның қарғыс айтқан кер күніне.
Қираса сенен шығар көшім егер,
Қор болды ессіз ойға есіл өнер.
Құрысын шарабы да, сүйгені де
Я, Алла, иманды қыл, кешіре гөр!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басым сынып барады, басым сынып

  • 0
  • 0

Басым сынып барады, басым сынып,
Жарым отыр жанымда жасын сығып...
Құбыжыққа айналған қоғам мынау
Барлық сөлін ап қойған ғасыр сығып.

Толық

Ізде мені

  • 0
  • 0

Өзіңді көрмегелі, шырағым-ау,
Көзімді боталатып жыладым-ау.
Қарадым қара қошқыл бұлттарға
Нанбасаң көк аспаннан сұра мынау.

Толық

Ақ қарға жаздым атыңды

  • 0
  • 0

Атыңды жаздым ақ қарға,
Үйінен шыға көрсін деп.
Асығып бара жатқанда,
Аялдап көңіл бөлсін деп.

Толық

Қарап көріңіз