Өлең, жыр, ақындар

Қаз-қаз балам, қаз балам

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 7300
Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам,
Бақытты жан өзіңсің
Сенен ешкім озбаған.
Мына жердің бетінде
Ұрпақ үшін қозғалам,
Өлең айтсам ұлым деп
Жүйкем қалмас қозбаған,
Өсиетім өзіңе -
Сөздерім бар аздаған:
Тұсауыңды кесейік,
Жолыңа гүл төсейік,
Өздеріңмен көбейіп
Өркендейік, өсейік,
Елге қызмет жасай бер,
Жігіт болып, есейіп.
Ала жіпті байладым,
Келешекті ойладым,
Ақ жіп қосқан себебім,
Ақ жол болсын дегенім,
Жасыл қосқан себебім,
Көктей өссін дегенім,
Қызыл жіптей алаулап,
Желбіресін желегің.
Қаз баса ғой, құлыным,
Балдан тәтті қылығың.
Аталардан бір түйір
Қалған асыл сынығым.
Ашық болсын жамалың,
Құтты болсын қадамың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қожа Ахмет Иасауи

  • 0
  • 0

Нұры жауған Алланың
Әзіреті Сұлтаным,
Мүшірікке бас болған,
Ұлы Пірім, сұнқарым

Толық

Орта кесеге қып-қызыл қанын жұқтырып

  • 0
  • 0

Орта кесеге қып-қызыл қанын жұқтырып,
Ұрттадым шарап көңілдің күйін ұқтырып.
Тамыр-тамырымды қуалап ала жөнелді,
Пендеге бітіп көрмеген әлі мықтылық.

Толық

Шын жылап көріп пе едің ғұмырыңда

  • 0
  • 0

Шын жылап көріп пе едің ғұмырыңда,
Айналып қасіреттің шығырында.
Өзіне шақ қайғысы болады ғой,
Ақылы тайыздың да, ұлының да.

Толық

Қарап көріңіз