Өлең, жыр, ақындар

Маған неге мына қыз амандаспады?

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 327
Маған неге мына қыз амандаспады?
Тазармаған жан ба едім санам қаспағы.
Қиямпұрыс ойларға қайдағы бір
Көңілімнің тап-таза таланды аспаны.
Жексұрын боп шықтым ба жер бетіндегі,
Уыз күлкі жоғалды келбетімдегі.
Қасқалдақ та қонбайтын, үйрегі де,
Ұқсап қалдым мұз қатқан көлге түндегі.
Қоштаспай кетті кетерде жөніне тағы,
Қонған-ау, сірә, арманшыл төріне бағы.
Шөгіп те қалдым әлде бір жымысқы ойдан,
Ұқсастау ғана ақын ем серіге жаны.
Сәліміңді қимасаң айла-амал бар ма?
Міндет етіп тартайын қай бағамды алға.
Шетте қалып кеттім мен келесаулардай
Немді айтармын мен жайлы ойлағандарға.
Маған неге мына қыз амандаспады?
Тыным бермей жүр ме, әлде, балаң жас қаны.
Шылым сасып қалым-ау,
Секілденіп,
Күйіп кеткен тамақтың жаман қаспағы...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қақырап бір қабырғам

  • 0
  • 0

Қақырап бір қабырғам,
Омырылып омыртқам.
Жүрісімнен жаңылғам,
Сойыл тиіп тобықтан.

Толық

Суретке қарап...

  • 0
  • 0

Сен екеуің бақытты-ақ шығарсыңдар,
Көпшілікке көз құрт боп ұнарсыңдар.
Алтын сәуле аймалап жүздеріңді,
Махаббаттың мәнін де ұғарсыңдар.

Толық

Өткен күн өтті

  • 0
  • 0

Өткен күн өтті,
Тозығы жеткен шапандай,
Атым да тіпті аталмай.
Іштегі дерттің құлы боп жүрген күндерде,

Толық

Қарап көріңіз