Өлең, жыр, ақындар

Қазақ зары

Расында да көп қиналдың қазағым
Көпті көріп көп ғұмырың жасадың
Жандарбектей айтыс төрлі ағамның
Сөзіменен өлеңімді бастадым

Соғыс десе көшті алға жүргізіп
Малың десе өзіңе өмір сүргізіп
Кең далада соншама жыл Ресейге
Отар болдың,байлығыңды жегізіп

Талай талай ұлтжандарды қорладың
Әділдікпен қосарласып тумадың
Таяқ болып тиді ма екен басыңа
Намыспенен жора жолдас болғанның

Басшыларым,неге сендер соқырсың
Бізді тонап алға баспай отырсың
Арам ниет тілеп жатсаң халқыңа
Онда олар саған сеніп құртылсын

Әкімжандар сөздерің жоқ бастарға
Жол бермедің болары бар жастарға
Кіршігі жоқ ақ ниетін халқыңның
Қара түсті параменен ластама

Айтарым көп,көңілім жоқ достарым
Іске аспайды түбі мынау жоспарым
Рухы жайсаң ұлы қара өлеңді
Жәй әшейін Инстаграммға тастадым



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар