Өлең, жыр, ақындар

Өмірімді менің де созыпты мұң

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 473
Өмірімді менің де созыпты мұң,
Әлденеден, білмеймін, көзікті ырым,
Желге беріп бетімді желпінейін,
Бара жатыр бекерге тозып түрім.
Лапылдай ма алаулап шырақ –қайғы,
Наурызың да жүректі жұбатпайды.
Балконды ашсам, самал жел шалқып кетіп,
Есігімді шуақ пен нұр аттайды.
Мен де елге өлең боп тараймын ба,
Жыр дейтұғын шомылып бал айдынға.
Тілім бірақ күрмеліп қала берер
Заһары көп заманға қараймын да.
Басым дағы бас емес, келідейін,
Қай бетіммен қоғамға көрінейін.
Айдалаға ол дағы лағып кетті
Әшейінде ауыз жаппас сері гөйім.
Замананың көз алды күлтілдеген,
Қиығында былшығы сүртілмеген.
Тәрік етіп ғұмырды Кәландарша
Безіп кеткім келеді бір түнде мен.
Сықырлаған астымда жаман арба,
Мүсәпірге тимейді садағам да.
Бай-кедей боп жік-жікке түсіп бітті
Мектептегі бейкүнә балалар да.
Бекер болды құмартып сағынғаным,
Бала-шаға әзірге бағынғаным.
Өлең оқып күшеніп жүргеніммен,
Мен де сол кедейлердің жағындамын.
Кедейді шенеуніктер менсінбейді,
Кедейге жалғыз қотыр төл сіңбейді.
Тойларда атым шығып жүргеніммен
Мына қоғам біздерді менсінбейді.

17. 03. 2006



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің жайым мәлім болды

  • 0
  • 0

Менің жайым мәлім болды,
Сенің қалтаң қалың болды.
Қорғайтыным арым болды,
Ал тергеуші залым болды.

Толық

Көзімнің жасын көл қылып төгіп талай күн

  • 0
  • 0

Көзімнің жасын көл қылып төгіп талай күн,
Қара қазанның түп күйесіндей қарайдым.
Тізерлеп тұрып қолымды жайып аспанға,
Өзімді өзім жұлып жеп иттей талаймын.

Толық

Жұғып қалып помадаң

  • 0
  • 0

Жұғып қалып помадаң,
Қысылдым-ау терлеп тым.
Ойың болып қалаған
Күліп-күліп сен кеттің.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар