Өлең, жыр, ақындар

Жан жаңбыры

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 311
(Ақын Әкім Ысқаққа)

Бозторғайды оятқан жан жаңбырың,
Түркілеген ұйқыңды таңнан бұрын,
Көңіліңде бүр атып арман гүлің,
Өзек еттің өзіңе жалған жырын.
Жүрегіңе өрнегін салған бұрым,
Сол өрнектен жаралған жан жаңбырың.
Көктемені әлдилеп жұбатады
Енді-енді сәуірде жарған гүлін.
Гүл кеудемнің қашан да төрі – дала,
Жан жаңбырға жұбанған бөрі бала.
Оңашада төгілген жаңбырлар-ай
Жұбата алмай келеді мені ғана.
Жырларыңда мөлдіреп жан жаңбырың,
Дүбірлетер кеудеңді бағлан құлын.
Дәтке қуат, бойға нәр алып жүрміз,
Жанды еріткен жаңбырлы балдан бүгін.
Көтере алмай шаршасаң жалған жүгін,
Тебірентер жүйкенің алуан қылын.
Бөржардағы баланы аялашы,
Кәусарыңа жуындыр, жан жаңбырым!!

Сәуір, 2008 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Пенделер істейді екен өз дегенін

  • 0
  • 0

Пенделер істейді екен өз дегенін,
Ал менің сәл бөлектеу көздегенім,
Халықтың датын айтып өтсем деп ем
Жүрекке салғаннан соң сөз көгенін.

Толық

Маралым - мәнім, Маралым — әнім

  • 0
  • 0

Маралым - мәнім, Маралым — әнім,
Өмірдің саған баладым бәрін.
Өтпеген күннің жанарындамын,
Сені ойлап күнде жанамын, жаным.

Толық

Қысқан кезде жан-жағымнан

  • 0
  • 0

Қысқан кезде жан-жағымнан,
Қайғы ауруға ем де қонбай.
Қолды жайып жалбарынғам,
Жайымды ұғар пенде болмай.

Толық

Қарап көріңіз