Өлең, жыр, ақындар

Тұмар ханым

  • 15.04.2021
  • 0
  • 1
  • 1210
Нені «айтпайды» Қаратау,
Салып көрсең зердеге.
«Қара шаңырақ» деп атап,
Қадірлеген ел неге?
Оның тылсым сыры бар.
Шежіредей көмбеде.
Қаратау аман тұрғанмен.
Атақты Кир парсылық
Сыймай кеткен жерге де,
Сыймай жатыр көрге де.
Замандарда есте жоқ,
Сақтар мен Парсылар,
Бірін-бірі тураған
Қанға бөккен тағы да
Көпті көрген қу далам,
Даңқ құмарлық талайдың,
Ақыл-есін улаған,
Тақты аңсап көрмеген
Патша әлі тумаған.
Қаратаудың баурында
Түрік, парсы соғысты,
Құс орнына сол сәтте
Көк аспанда оқ ұшты,
Тұмарыма әруақтар
Жақтасты да, болысты,
Томирис – Сақ патшасы,
Қызды соғыс майданы,
Ер қаруы бес қару
Бойда түгел сайманы,
Парсыларды талқандап
Асырды қыз айланы,
Менменсіген Кирді әкеп
Пенде қылып байлады,
Басын кесіп жауының
Жеңіс тойын тойлады.
«Қанға тоймай өттің» деп,
«Енді маған жеттің» деп,
Қыз ашуын шақырды,
Кирдің басын алып кеп,
Қара қанға батырды,
Орындалды бар тілек
Үміт жанды ақырғы.
Тұмар ханның ерлігі
Аңыз болды далада
Қалып қойды қыз-патша
Тарих атты санада.
Кирдің басы қан толы
Шайқатылды сабада.
Таусылған ба қырқысы
Мына жарық жалғанның,
Қанға батып жүр әлі,
Басы жауыз жандардың.



Пікірлер (1)

Луна

Әбілда Аймақтың Тұмар ханым өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Бір пана тілеп тауға да бардым

  • 0
  • 0

Бір пана тілеп тауға да бардым,
Күркіреп құзға құладым.
Түсінбей ешкім саудада қалдым,
Қиқымнан көрпе құрадым.

Толық

Әзіреті Қаратау

  • 0
  • 0

Әзіреті Қаратау
Шаңырағы Тұранның,
Шоқылары ербиген,
Құлағындай құланның,

Толық

Жүрегімнің таба алмай белгілі емін

  • 0
  • 0

Жүрегімнің таба алмай белгілі емін,
Өзімді-өзім соншама сендіремін.
Суретіңді тұсыма іліп қойып,
Түсініксіз үмітпен телміремін.

Толық

Қарап көріңіз