Өлең, жыр, ақындар

Атилла (Еділ)

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 562
IV-V ғасырлар

Айбыны асқан Атилла,
Қыпшақтарды ел еткен,
Көшпенділер көсемі,
Керегесін кең еткен.
Еуропаны шаңдатқан,
Ашылмаған сыр қалды,
Бағындырған өзіне,
Кавказ бенен Бұлғарды,
Атиллаға қарап ап
Біліп ал, ұрпақ, тұлғаңды.
Еуропада Римнің
Қан қылышы ойнаған,
Атиллаға жансыздар
Қысастығын ойлаған,
Қаннан өзен ақса да
Бұл қара жер тоймаған,
Дес бермейтін Римді
Ер Атилла жайлаған.
Көшпенділер көсемі,
Қыпшақтардың данасы,
Куә болған бәріне
Қаталауын даласы,
Менменсіген батыстың
Келмейді емес шамасы,
Ғалымдардың әлі де
Бар осыған таласы
Атилласыз елімнің
Жазылмаған жарасы.
Ер Атилла шынында
Өр мінезді болса да,
Сенгіш екен кісіге,
Жанында өрт жанса да.
Халықпен бірге күн кешіп
Бола білген панасы,
Ер Еділге бас иер
Бүкіл қыпшақ баласы.
Атилламен толыққан
Түркістанның санасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көзімнің жасын көл қылып төгіп талай күн

  • 0
  • 0

Көзімнің жасын көл қылып төгіп талай күн,
Қара қазанның түп күйесіндей қарайдым.
Тізерлеп тұрып қолымды жайып аспанға,
Өзімді өзім жұлып жеп иттей талаймын.

Толық

Тұншығып ойға сенделемін де

  • 0
  • 0

Тұншығып ойға сенделемін де,
Жалықтық әбден мен де, өлеңім де.
Көктемнің нұры жауратты мені,
Апыр-ай, шыннан келмегенің бе?

Толық

Өртенетін жүрек өкінді дедім

  • 0
  • 0

Өртенетін жүрек өкінді дедім,
Жылытпайды менің бетімді лебің.
Өзіңді ойлап қаншама шаршағаныммен,
Майсыз қалған шырақ секілді едім.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар