Өлең, жыр, ақындар

Қорқыт

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1000
VIII –IX ғасырлар

Дәдәм Қорқыт, киелім,
Қаным менен сүйегім,
Сол заманда ағыттың
Қобызыңнын тиегін.
Қорқыт баба, асылым,
Қара қобыз - ғасырым.
Жер әлемді тербеткен
Күйлерің мен машығың.
Қорқыт баба – қобызым,
Қазақ, қырғыз, өзбегім,
Бүкіл түрік, оғызым,
Келе жатқан ілкіден,
Жасауланған тоғызым.
Қорқыт баба – шежірем,
Ер Түріктің өзі ме ең,
Рух жолын таңдасам.
Өзіңменен кезігем.
Түркістандай өлкенің,
Қарашығы, көзі ме ең?!
Түрік еткен Түрікті
Қобызың мен өзің ең.
Қобыз болып аңыраған,
Даланы жау жалмаған,
Бақсылардың атасы –
Қорқыт қобыз толғаған,
Тар жол тайғақ кешуде
Сен едің жол жалғаған,
Көктәңірін шақырып,
Қобызың да сарнаған,
Пірлер қолдап күйіңді,
Тастап жаттың арнадан.
Сенің үнің естілер
Түрік деген қосыннан,
Еділ – Жайық еңкілдеп
Еңіреп кеп қосылған,
Сыр жағалап ел көшіп,
Төңірекке жосылған,
Қорқыт баба алдында
Перғауын да тосылған.
Ары тартқан қылқобыз,
Бері тартқан қылқобыз,
Заманалар көшінен
Желі тарқан қылқобыз,
Қорқыт баба қалғыса,
Пері тартқан қылқобыз,
Көктәңірі дем беріп
Бөрі тартқан қылқобыз,
Қорқыт болып тағы да
Сері тартқан қылқобыз,
Қаратаудың адуын
Желі тартқан қылқобыз,
Пірі сенсің Түріктің,
Бірі сенсің қырықтың,
Күйіңмен – ақ сан қырлы
Қас жауларды іріттің.
Қобыз – күйдің бұлағы,
Ен даланың құлағы,
Түмен баптар шырағы,
Даламыздың ұлы әні,
Қорқыт ата қобызбен
Күйін тартып тұр әлі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кетбұға

  • 0
  • 0

«Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Кетбұғадай билерден
Кеңес сұрар күн қайда?»

Толық

Орта кесеге қып-қызыл қанын жұқтырып

  • 0
  • 0

Орта кесеге қып-қызыл қанын жұқтырып,
Ұрттадым шарап көңілдің күйін ұқтырып.
Тамыр-тамырымды қуалап ала жөнелді,
Пендеге бітіп көрмеген әлі мықтылық.

Толық

Маған неге мына қыз амандаспады?

  • 0
  • 0

Маған неге мына қыз амандаспады?
Тазармаған жан ба едім санам қаспағы.
Қиямпұрыс ойларға қайдағы бір
Көңілімнің тап-таза таланды аспаны.

Толық

Қарап көріңіз