Өлең, жыр, ақындар

Өлең жаздым өрелеп

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 445
Өлең жаздым өрелеп,
Өзің желеп-жебе деп,
Түркістаным керемет!
Жыраулар мен хандардың,
Асылы сен, Түркістан,
Мағжандардың, Қасымның
Ғашығы сен Түркістан,
Нұрсұлтан боп телегей
Тасыды сең, Түркістан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көз алдымда күндіз-түн тұрасың менің

  • 0
  • 0

Көз алдымда күндіз-түн тұрасың менің,
Таң шапағын ұялтар расында өңің.
Қасыңда сенің малынып нұрыңа мәңгі,
Тек өзіңе тірлігім ұнасын дедім.

Толық

Топшысы опырылып қаршығамның

  • 0
  • 0

Топшысы опырылып қаршығамның,
Жанымды жастайымнан жаншыған мұң.
Содан да болар бәлкім мен өзгеше,
Сен түсінбес тұңғиық жан шығармын.

Толық

Келтіре алмай қор болдым елесіңді

  • 1
  • 0

Келтіре алмай қор болдым елесіңді,
Мына түнге елесің неге сіңді?
Жер-дүниеге өзімді сыйғыза алмай,
Уақыттан көрдім-ау көресімді.

Толық

Қарап көріңіз