Өлең, жыр, ақындар

Көз алдымда күндіз-түн тұрасың менің

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 335
Көз алдымда күндіз-түн тұрасың менің,
Таң шапағын ұялтар расында өңің.
Қасыңда сенің малынып нұрыңа мәңгі,
Тек өзіңе тірлігім ұнасын дедім.
Басылмай қойған өксуден солығым менің,
Жақсылыққа да түсімнің жорыдым көбін.
Жасымнан жалын ішіме сыймай келген соң,
Ләззаты балдай түндердің торыдым кенін.
Қажытып күндер тозақтың орынан терең,
Келмеуші еді ешқандай оңынан да өлең.
Ертегідегі бақытқа мына фәниде,
Ойда жоқ еді кенеттен жолығам деген.
Жан екенсің күйің де, жасауың бөлек,
Жөн де болар тұтқыннан босауым, демек.
Бәйіті құрсын бейдауа дертті дертетін,
Тек өзің барда бір ғасыр жасауым керек.
Қайғы мен мұңнан жаралған өмірде мынау,
Өзіңді көріп өзгеше жеңілдедім-ау.
Өлеңнің Пірі дегенім, құдай біледі,
Сәуірдің соққан самалы — сенің демің-ау!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кезім еді болатын сезімге мас

  • 0
  • 0

Кезім еді болатын сезімге мас,
Кетті бірақ, қайтейін, қарамай бақ.
Бір бөтелке қолымда,
Көзімде жас,

Толық

Айналаға отыра қап өренім

  • 0
  • 0

«Айналаға отыра қап өренім,
Жыр оқыдық түніменен» деп едім.
Мырс етті де былай деді бір досым,
«Қараңғы үйде қалай болды өлеңің?»

Толық

Рас, көке, бұл айтқаның, таң қалатын сөз еме

  • 0
  • 0

Рас, көке, бұл айтқаның, таң қалатын сөз емес,
Шүлдірлеген мына бізге кімдер мылтық кеземес.
Желтоқсаггың жолбарысы көш бастаған сен едің,
Алтын басты көкбөоі едік, жылтыраға жез емес.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар