Өлең, жыр, ақындар

Кезім еді болатын сезімге мас

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 313
Кезім еді болатын сезімге мас,
Кетті бірақ, қайтейін, қарамай бақ.
Бір бөтелке қолымда,
Көзімде жас,
Мен отырмын сендегі баланы ойлап.
Сұрқай төбе,
Сұрықсыз су ағады,
Жел еседі өзеннің аңғарынан.
Сорлы сезім шарапқа жұбанады,
Ал мен болсам өзіңе жалбарынам.
Киелі мұң тұзақтап көгеніне,
Бүк түсірген өмір-ай, білсең еді...
«Ойлай берем баламды» дегеніме,
Сенен бөлек жүрген соң кім сенеді?
Астаң-кестең, қым-қиғаш бар құбыла,
Жөнін табам, апырай, енді ненің?
Бала үшін ішіп кеттім – ал мұныма,
Жұртты қалай айнала сендіремін?
Далбалақтап кеудесін ұрды жарға,
Қос қанаты қиылған қайран құсым.
Жеккөрінішті боп біттім құрбыларға
Сенің тастап кеткеніңді қайдан білсін?
Кезім еді болатын сезімге мас,
Кетті бірақ, қайтейін, қарамай бақ.
Бір бөтелке қолымда,
Көзімде жас
Мен отырмын сендегі баланы ойлап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кендебайға

  • 0
  • 0

Қайран өлең қасқырдың өтін ішті,
Өлеңімнен қалғанын жетім ішті.
Өлең өліп барады өлкемдегі,
«Бұлқынғанмен бұза алмай бекіністі».

Толық

Жетімсіреген жүзімдер

  • 0
  • 0

Оралып едім қайтадан,
Көп жылдан кейін ауылға.
Жұмыртқа ойды шайқаған,
Кездестім мұңды дауылға.

Толық

Тумын қаған

  • 0
  • 0

Басын қосқан Ғұндардың
Тумын деген ер еді,
Әлі күнге өшпеген
Ерлігі мен дерегі,

Толық

Қарап көріңіз