Өлең, жыр, ақындар

Тумын қаған

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 269
Басын қосқан Ғұндардың
Тумын деген ер еді,
Әлі күнге өшпеген
Ерлігі мен дерегі,
Қиян-кескі шайқаста
Дес бермеген өр еді,
Қанға бөккен далада,
Пайғамбармен тең еді.
Тумын қаған батырдың
Ашылмаған тереңі,
Ен жайлаған ғұндарды
Салтанатқа бөледі,
Қытай – алып айдаһар
Жер - дүниені жалмаған,
Айналмаған қытайға
Тайпалар да қалмаған,
Ғұндарыңды жұтуға
Талай жорық арнаған,
Бірақ, жолы болмаған,
Ақылды ісі Тумынның
Бұлтты ысырып торлаған,
Күннің нұрын себелеп,
Ер түрікті қолдаған,
Қытай үшін бұл кезең
Апат болып сорлады,
Сондықтан да салынған
Ұлы қытай қорғаны.
Бабаларға мың алғыс
Айтар бүгін орманы,
Пәлекеттен бабалар
Өз ұрпағын қорғады.
Тумын көшкен айлаға
Жауға толы айнала.
Күн ханшасы Қытайдың
Бекзаттарға сай ғана,
Тумын соған үйленді
Саясатты ойлана.
Құда болып Қытаймен,
Алыстады қан-қырғын.
Үміт тағы көктеді
Нөсерінде жаңбырдың.
Тумын – бізге сыйлаған
Бақыты еді тағдырдың.
Үйсін, Қаңлы бұл кезде,
Отау құрған ел болып.
Бірі аға, іні боп,
Бірі жаға, жең болып.
Бірақ Тумын қағанға
Тумас ешкім тең болып,
Қалған Тумын ерлігі
Тарихта алтын мөр болып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кезім еді болатын сезімге мас

  • 0
  • 0

Кезім еді болатын сезімге мас,
Кетті бірақ, қайтейін, қарамай бақ.
Бір бөтелке қолымда,
Көзімде жас,

Толық

Мен емес ем өмірден безер кісің

  • 0
  • 0

Мен емес ем өмірден безер кісің,
Жігеріме қылышын кезеңді сын.
Мұң сыйлаған мезеттер миды шақты,
Қарлығаштар, қалімді сезермісің?

Толық

Өлең жаздым өрелеп

  • 0
  • 0

Өлең жаздым өрелеп,
Өзің желеп-жебе деп,
Түркістаным керемет!
Жыраулар мен хандардың,

Толық

Қарап көріңіз