Өлең, жыр, ақындар

Сенбегендер өз арына

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 295
Сенбегендер өз арына,
Өнерімен озарына –
Қалт-құлт етсін, терлесін,
Ақша қардай ар-намысым,
Алып ұшар барда күшім,
Қапаланам мен несін!
Анаған да, мынаған да,
Мақтағанға, сынағанға
Құрақ ұшсын елпілдеп,
Күйінбесін, күндемесін,
Керек десе,
Үндемесін
Жатқанда да ел тілеп.
Жарқылдап бір көзге іліге,
Мынау ұлы мезгіліме
Не дерімді білмесем,
Айтарымды – айта алмасам,
Ауырласам, қайқаңдасам, –
Қалай ғана күн кешем!
Қала тұра санауды күн,
Не дейді деп анау бүгін.
Әр ауызға телміріп,
Әркімдерге
Бір көргеннен,
Басын шұлғып жүргендерден,
Күтпей-ақ қой енді үміт.
Күйбеңдеген өзгелердей,
Күңкілі кеп сөзге де ермей
Өтейік те қасқиып,
Риза боп бар бағаңа,
Таңдай таза арға ғана
Мынау аппақ басты иіп!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қаншама қырын келсін тағдыр, мейлі

  • 0
  • 0

Қаншама қырын келсін тағдыр, мейлі,
қиналған кездерімді жан білмейді! —
Ешкімге шағындырмай,
табындырмай,

Толық

Басқадан орның бөлек бір тұлғасың

  • 0
  • 0

Қашаннан ойың өрде, төрде көшің,
Аралап алпыс асу бел-белесін,
Арқаңа қара нардың жүгін артып,
Алдында аламанның сен келесің.

Толық

Қараптан-қарап

  • 0
  • 0

Қараптан-қарап
кішірер денем,
қара бір көзден жас парлап —
қалқамның өзі түсінер деумен

Толық

Қарап көріңіз