Өлең, жыр, ақындар

Экспромт

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 239
Әй, тексізім, тексізім,
не қыласың өбектеп,
сен кіретін жоқ тізім,
енді бізден — бөлек кет.
Суда құйып қолына,
суыл қағып жүрегің,
тектілердің тобына
қосыла алмай, жүдедің...
"Өтсем!" — дедің өтініп,
өзіңді өзің сүйрелеп,
жарлау жерден секіріп,
тарлау жерден кимелеп.
Шықтың кейде тым шектен,
сен бе, бірақ, мойындар, —
ойып тұрып бір шеттен
орын алмақ ойың бар...
Жасырам деп ізіңді,
асырам деп айлаңды,
сұрың неге бұзылды,
тілің неге байланды?!
Еті тірі ептінің
бірі ғана шығарсың,
тізіміне тектінің
неге сонша құмарсың?
Қалай қарай кетті ізің?
Қорқа берем қарадай!
... Тексізі мен бетсізін
тайраңдатқан заман-ай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жәлап қатын,..

  • 0
  • 0

Жәлап қатын,..
жәдігөйлер,
ұрылар
маған да күн көрсетпейтін түрі бар...

Толық

Ағаш ат

  • 0
  • 0

"Жарашы деп пайдаға",—
ағасы атқа мінгізді.
Бұл да қарап айнала,
құлға балап жүр бізді.

Толық

Көріп ем "батыр" болып мақтан үшін

  • 0
  • 0

Көріп ем "батыр" болып мақтан үшін,
жетпеді жақын түгіл, жатқа күшім, с
оған да қыбы қана,
ұлып ала

Толық

Қарап көріңіз