Өлең, жыр, ақындар

Ымырттағы диалог

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 306
— Бектұр-ау,
мына күн де бұзылайын деп тұр-ау,
— Бұзылайын деп тұр, білем, зәнталақ, —
деді Бекең,
көздері сәл қанталап.
— Бұршағы ма,
қар аралас жаңбыр ма,
Қарауытып...
— Қалай екен мал қырда?
— Қораны да бүтіндемей, үйді де...
— Е, жасаған! Соған да қол тиді ме.
— Келіп қалды-ау қысың да,
— Жә, қысылма.
— Жаз дегенің өте шықты-ау тегінде.
— Қарар деп пе ең көңілге.
— Қас-қағымда өте шыққан өмір-ай!
— Әзің қолда...
— Е, Құдай.
— Шалым-ай,
өтіп бара жатырмыз-ау... жарымай.
— Қоймады ғой айналдырып бір қырсық, —
деп Бекең де әлдекімге тұрды ұрсып.
— Бірақ, талай қызық та күн болыпты-ау!
— Е, құдайдан қорықпау...
— Бақыттың да құшағында балқыдық.
— Әй, оттамай! — деді сонда шал тұрып: —
— Шайынды қой,
Орнат ана мосыны,
Өмір депті бұрынғылар осыны!...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктемгі жыр

  • 0
  • 0

...аяқ асты жылып күн,
елжіретіп, келді жетіп қылықтым,
ызғарды да,
мұз, қарды да кешегі,

Толық

Саған айтам

  • 0
  • 0

Болды деп бала жастан жырға құмар,
жырдай ғып айтып отыр мұндағылар,
талай сөз тасқа басып шығарыпсың,
тәп-тәуір ұйқасы бар, ырғағы бар.

Толық

Тірлікте күлмес үшін күндестерім

  • 0
  • 0

Тірлікте күлмес үшін күндестерім,
Ешкімнің артына мен мінгеспедім.
Ұтсам да,
Ұтылсам да –

Толық

Қарап көріңіз