Өлең, жыр, ақындар

Мақпал қыз - Мақпал әнім-ай!

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 893
1984 жылы бір топ жазушы, баспагерлер болып Семейге барғанбыз. Қайтарда жолдастарын Алматыға ұшып кетті де, мен бір жыл бұрын қайтыс болған шешемнің жылын бермекке әлдекімнің жеңіл автокөлігін жалға алып, Үшаралға жалғыз аттанып едім. Жол алыс, елді мекені сирек медиен дала, ойыма аяулы анам орала береді. Қалғып-мүлгіп келе жатқанда жүргізуші жігіт алдындағы күйтаспа тетігін бассын. Тұманбай сөзіне жазылған жергілікті көмпозитор Жанкелдінің (Ақсулық) сол кезде ел ішіне кеңінен тарай айтылып жүрген "Өзімнен қорқам " дейтін бір әнін жас әнші Мақпал Жүнісова шырқап қоя бергені. Содан...

...Айналамыз қожыр-қожыр жақпар құз,
Алматыға қайтып келе жатқанбыз,
қалғып-мүлгіп отырғанда,
кенеттен
шырқап ала жөнелгені Мақпал-қыз.
Кәрі аспанның қабағы да ашылмай,
көңілімнің алаңы да басылмай,
жолым да өнбей,
сағат тілі жылжымай —
әр минуты болып еді ғасырдай.
Еске түсіп кешегі өткен әз-анам,
маза қалмай келе жатқан мазадан,
қанатына іліп алып кетті енді
сыңғыр-сыңғыр,
күмбір-күмбір
ғажап ән!
Біржолата үзілердей өзегі
мамыражай Мақпал — әннің өзі еді.
Астаң-кестең болды кетті дүние,
тасып ағып, көл-дария, өзені.
Еліктіре ертіп алып бізді де,
кетті-ау дейсің үзілдіре, үздіге,
Көз алдымнан көшіре бір өткізіп,
жаңбырлы жаз,
жасыл көктем,
күзді де.
Әсем әуен бірте-бірте аспандап,
сұқсұр ұшып,
суға сүңгіп қасқалдақ,
Хаққа мүлгіп қала бергем, жасаған,
жан егіле,
жанарымнан жас парлап!
Жан-дүнием езіле ме, бой балқып,
қалмағандай жаңағы ауыр ойдан түк,
кәрі аспанның қабағы да ашылып,
ақша бұлттар бара жатты жай қалқып.
Өзім де іштей ыңыл қағып,
ән құрап,
үнтаспаға төне түсем,
сәл бұрап,
күрт өзгерген дала жақты шолам деп
тұла бойым бара жатты балбырап.
Көптен бері қабағыма батқан мұң,
жартасына шағылысып шатқалдың,
санамызды сансыз ойға жетелеп
алды-кетті әсем үні Мақпалдың.
Жаңғыртқаны-ай,
деймін сонда жақпарды үн,
құлай жаздап,
жылай жаздап,..
шақ қалдым.
Жырлағым кеп, —
сәл қайғылы,
сәл мұңды
даусын ғана тыңдағым кеп Мақпалдың!.
...Алматыға қайтып келе жатқанмын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кісінің кешпейтін ем пенделігін

  • 0
  • 0

Кісінің кешпейтін ем пенделігін,
күмілжіп отырғаным мен де бүгін,—
бар аймақ осы күні ірі тұтқан,
қарайлап көңіліне төрдегінің.

Толық

Азамат деп жүргенім

  • 0
  • 0

Азамат деп жүргенім,
айырылса беделден,
Сен айтпасаң —
білмедім,—

Толық

Сүйкімді қыз

  • 0
  • 0

Бүлдіргендей уылжып піскен ерін,
піскен ерін үшінен тістеледің.
Үр қызындай үлбірей бастағанда
кішкене едің,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар