Өлең, жыр, ақындар

Сені ұйқас өрмегелі түнделетіп

  • 14.06.2021
  • 0
  • 0
  • 449
Сені ұйқас өрмегелі түнделетіп
Кетіпті-ау айлар бітіп, күндер өтіп.
Қызық сөз, қыңыр ойлар, болды кезің
Менің де ыңғайыма бір көнетін.
Қақпаңды қақпағалы түнделетіп
кетіпті-ау айлар толып, күндер өтіп.
Салып ап шампанымды, әдемі қыз,
саған да болды кезім бір келетін.
Қыңыр ой қызық сөзді кесіп асты,
теңеулер кетті мені есуас қып.
Қағып ем қыз қақпасын, қарғып шығып
менен жастау бір жігіт есік ашты...
Есе ғой, жасыл самал — тыныстайын,
созылшы, саусақтарым, гүл ұстайын.
Үркітіп алдым білем бір бұтаңды —
сыбдыра, сыбдырай ғой, күміс қайың.
Көк қырлар көз алдымда барады өсіп,
тербетші көк бұтаңды дала-бесік.
Шекесі анау дөңнің жолақ-жолақ,
кеткен-ау бір керемет тарақ осып.
Жүздірші ақ бұлтыңды аспан-алып,
бұлт жоқта ой да келмес басқа лағып.
Бір сәтке бұлтсыз қою Алатауды,
аспан-ау, біле білсең — масқаралық.
Бұлт келді әппақ-әппақ, үрпек-үрпек,
жалғыз сөз көмейімде тұр кебіртек.
Ой келді басыма бір...
ақша бұлттар
қарайып бара жатты бірте-бірте...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алатау ақ кеуде, ай-құлып

  • 0
  • 0

Алатау ақ кеуде, ай-құлып,
Ақырын еседі түн лебі.
Аспанмен бірге ол қайғырып,
Аспанмен бірге ол күледі.

Толық

Тамыр

  • 0
  • 0

Жаңбыр жаусын!
Жаумай қойсын!
Былай да
Қатысым жоқ қара бұлтқа, құдайға.

Толық

Құм жырлары

  • 0
  • 0

Сол ауылда Әшім деген бір шал бар,
Қол тигенде барып-кетіп тұрсаңдар:
қалбаң қағып қарсы алдыңнан шығады,
Бірақ, әттең естімейді құлағы.

Толық

Қарап көріңіз