Өлең, жыр, ақындар

Қазақ тілі

Қазақ тілі бай тіл деп мақтанамыз,
Қазақ тілі керемет деп шаттанамыз.
Депутаттар өз тілін білмей жатса,
Дым демейміз тек іштен біз қынжыламыз.

Өз тілін білмегендер опасыздар,
Өз тілін билмегендер санасыздар.
Теңей аламын мен оларды осы сөзге,
Қазақ тілін біліп жүр ғой тіпті
өзге,

Қәзір міне егемендік дәмін сездік,
Жүк болған қиындықты біздер кездік.
Бұрын біз Ресейге тәуелді едік,
Енді міне олардан асып келдік.

Ресейге тәуелді болсақ тағы,
Тіліміз орыспенен шұбарланды.
Рухани жаңғырамыз деген кезде,
Рухани қаңғырғаны не сасқаны.

Талай жылдар артымыздан өтіп кетті,
Қазақстан одан әрі дамып кетті.
Дамып кетті олардың адамдары,
Ал қазақ тілі тек қана артта қалды.

Себебі не? Оның деп іштей сұрайм,
Мынау шығар, жоқ мынау деп сылтау құрайм.
Сөйтсем дағы жауабы "жастар" екен,
Жастардың тілдік қоры неге төмен?

Олардың көкіректері ояу, көздері ашық,
Олардың тек патриоттық сезімдері жабық.
Ояту үшін қазақ тілдің құдіретін,
Алу керек басшылық өз міндетін.

Он бес жаста айтқаным осы болар,
Ол тек бір жүректің түбінде қалар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз