Өлең, жыр, ақындар

Бейiлiм саған деген берiштендi

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 368
Бейiлiм саған деген берiштендi,
Көлгiрсiме,
Көзге iлме,
Көрiспе ендi.
Бұл дүниеден не қайыр, не үмiт бар,
Iбiлiс иектесе «перiштемдi»?
Өткiншi,
Бəрi өтiрiк,
Бəрi жалған!
Сағыну, өлiп-талу – сағым, арман...
Баз кешiп бəр-бəрiнен,
Бақиға енiп,
Дамыл алған жөн шығар, дамыл алған.
Көп екен дүние сыры мен ұқпаған,
Iшiне қара түннiң енiп барам.
Қойнынан қара түннiң күнə арқалап
Сен ендi əуре болма келiп маған.
Келгенмен ене алмайсың iшiме ендi
(болғанмен түрiң түзiк, түсiң өңдi).
Бiрi аяр, бiрi сиқыр сылқымдардың
Қаншасы түн iшiнде түсiме ендi...
Түбiмдi (түрiмдi емес) түсiнгенмен,
Бəрi де iшiмде өлген, iшiмде өлген!
Сен де соның бiрiсiң,
Бiр көргенге
Перiште, Перуайым пiшiнденген.
Сенбеймiн!
Екi жалған – ендi арамыз,
Сенгенмен сергелдеңге жем боламыз.
Мен жоқпын,
Мен жайында ендiлiкте
Естiрсiң желден дерек, елден аңыз...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жанарыңмен тұнық қара

  • 0
  • 0

Жанарыңмен тұнық қара
Есiмдi алдың, Лəйлi-елесiм...
Саусағыңды бүгiп қана
Қашан маған шəй бересiң?

Толық

Қалқам да емес

  • 0
  • 0

Қалқам да емес,
Шолпан да емес,
Ай мүсiн
Жанарыңа лағыл жаққан Лəйлiсiң!

Толық

Кеш көрдім бе, айтшы, əлде, кезінде ме

  • 0
  • 0

Кеш көрдім бе, айтшы, əлде, кезінде ме –
Жанға жағып барады сөзің неге?
Тал бойымды еріткен ерке қылық
Көзіңде ме,

Толық

Қарап көріңіз