Өлең, жыр, ақындар

Қинадың-ау, қинадың-ау менi ұқпай

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 663
Қинадың-ау, қинадың-ау менi ұқпай,
Кездеспей де, жүздеспей де, жолықпай.
Жүрегiңе жету сенiң мұң болды-ау
Жас кеудеңе жасырынған тобықтай.
Неден, жаным, секем алдың, сескендiң?
Қинадың ғой,
Қиналдым ғой,
Не iстермiн?
Сыздатады, мұздатды жанымды
Көкiрегiмнiң көк сеңiндей көшкен мұң.
Көрмесiме көнбейiн бе, көнем бе?
Келмесiңе сенейiн бе, сенем бе?
Жүрегiме жай түскендей болды ғой,
Жай түскенде жайрап қалар емен де.
Жүдедiм-ау жүрегiме толып қан,
Жараланып қайтқан жандай жорықтан.
Шыныменен қалар ма екем көз жазып
Жас кеудеңе жасырынған тобықтан?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жасыл бақ, жапырағына Айды ораған

  • 0
  • 0

Жасыл бақ, жапырағына Айды ораған,
Жас гүлзар. Жауқазын гүл жайған алаң.
Ақсаумал самал есiп айналадан,
Шашыңды торғын торы аймалаған

Толық

Алпысқа келген ақындар

  • 0
  • 0

Алпысқа келген ақындар, алпысқа келген,
Алау Күн ауып барады талтүстен əрмен.
Алқалы жұрттың алдында айғайшы болып,
Алғыс та алған сендерсің, тартыс та көрген..,

Толық

Түс

  • 0
  • 0

Көктем мiнез,
Ай мүсiн,
Нұр жүзi өңдi,
Таң алдында түсiме бiр қыз ендi.

Толық

Қарап көріңіз