Өлең, жыр, ақындар

Сұлу қызға қарап ем – қымсынбады

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 383
Сұлу қызға қарап ем – қымсынбады,
Қайта маған қадалды «қыл, сымдары».
Суалды екен қай жерде гүлсiм бағы?
Қуарды екен қай жерде қыршын жаны?..
Сылқым қызға қарап ем – қас қақпады,
Бал қылығын байқатты жас шақтағы.
Қолтығынан батылдау қысып алып
Баққа қарай бастап ем, бас тартпады.
Қоңыр қызға айтып ем ынтығымды,
Күлкiге iлдi – «Сездiм, – деп, – құлқыныңды...»
Содан берi мұң торып кiрпiгiмдi,
Содан берi көңiлiм iркiлулi.
Момын қызға қарап ем – жүзiн бұрды,
Сүзiлдiрдi,
жанымды үзiлдiрдi.
Жүрегiмнiң қанына қосқым келдi
Ақ жүзiне жүгiрген қызыл нұрды.
«Перизаттың перiште жолын бұзба,
Өзi келiп қонса да қолыңызға...»
Осы бiр сөз есiме түскен сайын
Есiм ауып қараймын Момын қызға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ей, Арман!

  • 0
  • 0

Ей, Арман!
Арман, арман, қайран арман,
Күн құшқан, аспанға ұшқан, Айға барған...
Аунайды-ау көңіл шіркін көк шалғынға,

Толық

Жүрегiмде – мың бiр қайғы, мың бiр мұң

  • 0
  • 0

Жүрегiмде – мың бiр қайғы, мың бiр мұң:
Желегiмдi жел мен жылға жұлдырдым.
Сүйгенiмдi, күйгенiмдi қайтейiн,
Байқаусызда бəрiн, бəрiн бүлдiрдiм.

Толық

Жалған-ай

  • 0
  • 0

Аяғыңды шалыс бассаң аңдамай,
Қасыңа кеп демейді ешкім «хал қалай?»
Жамау жүрек,
Жадау көңіл жандарға

Толық

Қарап көріңіз