Өлең, жыр, ақындар

Перiштенiң суретiн

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 298
Перiштенiң суретiн
Пенде қайдан сала алсын:
Желбiр, мөлдiр су бетiн
Желпiп өткен самалсың.
Жаратқаннан жаралып,
Екi мəрте тумайсың.
Таңғы ауаға таралып,
Көлден ұшқан будайсың.
Кейде шаттық, кейде мұң
Қыздың жəннəт жанаты.
Үлбiреген көйлегiң –
Көбелектiң қанаты.
Саф сəуленiң сынығы
Шадыман шақ, шат қалпың.
Қара көздiң тұнығы –
Маусымдағы мақпал түн.
Тылсымнан тiл қата ма
Қас пен қабақ, ақ мандай?..
Жанарыңнан, о, тоба,
Бейiш шамы жанғандай!
Жүрек құрғыр бүлк еттi,
Дiр қаққанда төс əппақ.
Екi бiрдей үркектi
Қойды екен кiм қосақтап?..
Ауға түскен балықты
Аужайлайды тəн əппақ.
Ақ тамаққа қалыпты
Жалғыз ноқат қонақтап.
Тандайыңнан тамған үн
Елестетер таң құсын.
Жау-жарақсыз жан-жағын
Жаулап алды-ау тал-мүсiн!
Жанарға нұр жалатқан
Асықты, əне, Күн тауға.
Сендей жанды жаратқан
Жаратқанға мың тəуба!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жетісай желектері

  • 0
  • 0

«Бірі – Маржан,
Бірі – Тоғжан, Əйгерім..,
Ажарына арбалғандай ай, көгің,
Жетісайда жеті жүз қыз бар» – десе,

Толық

Адамға ала бөлмес қазынасын

  • 0
  • 0

Адамға ала бөлмес қазынасын
Жақсының өкпесінен назы басым.
Жаныңа жайма-шуақ жарық сеуіп
Жалт етіп бір қараса, жазыласың.

Толық

Жолыңа қайта-қайта қарайладым

  • 0
  • 0

Жолыңа қайта-қайта қарайладым,
Татқыздың тəттi мұңның талай дəмiн...
Еркем-ау, ертегiнiң аруындай
Жүзiнен көрiнсеңшi шарайнаның.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар