Өлең, жыр, ақындар

Жолыңа қайта-қайта қарайладым

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 402
Жолыңа қайта-қайта қарайладым,
Татқыздың тəттi мұңның талай дəмiн...
Еркем-ау, ертегiнiң аруындай
Жүзiнен көрiнсеңшi шарайнаның.
Жел тұрса, жапырағы өлеңдетiп,
Қайыңға қарайлайды емен де тiк.
Семiрген қара суға көңiлiмдi
Қойдың ғой қара жолға елеңдетiп.
Бiлмеймiн, болдырдым ба, шаршадым ба,
Бақытқа кенелушi ем бар шағыңда.
Түнегiн түн жарымда бұзып шығып
Жүрегiм жер-жаһанға жар салуда.
Желбiреп көйлегiңнiң желге етегi
Кешiкпей, келiп кетсең нең кетедi?
Көңiлiң – мөлдiреген көл бетi едi,
Ерiнiң – елжiреген шербет едi...
Күрсiнiп ұясына Күн батты, əнi.
Маңайды келе жатыр түн жапқалы.
Жұбатар екем немен жүрегiмдi
Булыққан жас баладай құндақтағы?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Келер ме бiр хабар деп ғашық жақтан

  • 0
  • 0

Келер ме бiр хабар деп ғашық жақтан
Бейбақпын бiр жүректiң нəшiн баққан.
Арасы жер мен көктiң албырап тұр
Кiрпiгiн арудайын ашып-жапқан.

Толық

Көгiлдiр дүниенiң көбелегi

  • 0
  • 0

Көгiлдiр дүниенiң көбелегi –
Түсiме перiштелер көп енедi.
Кей күнi асқар шыңға алып шығып,
Кей күнi аспанға алып жөнеледi.

Толық

Ей, асыл зат!

  • 0
  • 0

Ей, асыл зат!
Мен мүлдем өлiп-өшкен,
Көрген сайын көркiңдi көңiл өскен.
Бейiштiң самалындай лебiзiңе

Толық

Қарап көріңіз