Өлең, жыр, ақындар

Көгiлдiр дүниенiң көбелегi

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 269
Көгiлдiр дүниенiң көбелегi –
Түсiме перiштелер көп енедi.
Кей күнi асқар шыңға алып шығып,
Кей күнi аспанға алып жөнеледi.
Ол шiркiн бұл жалғанда бар ма, жоқ па?
Жанымды жарылқайтын жар ма, жат па?..
Ақынды аруқұмар алдап, арбап,
Жүр ме əлде əкеткелi Алла жаққа?
Албырап Ай балқиды ақ аспанда
Ақжолтай сəуле бүркiп адасқанға.
Алдына жұлдыздарды шашып тастап
Ақшамда ұқсайды анам бал ашқанға.
Қанаты Перiштенiң қандай мамық?! –
Барамын кеңiстiктi маңдайға алып.
Жамалы бұл жаһанның таңдай көркем,
Жанары бұл жаһанның шамдай жарық.
Перiштем көк қанатын қағып-қағып,
Барады белгiсiз бiр бағытқа алып.
Кiрпiктен ыршып түскен тамшыдайын
Бiр жұлдыз ғайып болды ағып барып...
Бiр жұлдыз көктен жерге сорғалады,
Бетке алған жолаушыдай сардаланы.
Кеудемде құйттай жүрек бүлкiлдейдi
Секiлдi бұлбұл құстың тордағы əнi.
Көгiлдiр дүниенiң көбелегi
Аспанға алып ұшты неге менi?
Əлгi бiр ағып түскен жалғыз жұлдыз
Аңдатып кеттi, апырай, немененi?
Перiштем... тiл қатқанмен, түсiнер ме,
Аспаннан жерге қайтып түсiрер ме?
...«Жаман айтпай жақсы жоқ» дегендейiн,
Бiр күнi айналмағай түсiм өңге...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нармахан Бегалиевке

  • 0
  • 0

Аттадым мен де елуге, сен де елуге,
Елумен неге асықтық «емделуге»?
Елесі егделіктің көлденеңдеп,
Төбесі көрінгендей көмбенің де...

Толық

Ақыл мен сезім

  • 0
  • 0

Қала ішінде қыз бала адасады,
Шалт қимылға келмейді-ау шамасы əлі?
Таразының еншілеп екі басын
Ақыл, Сезім екіұдай таласады.

Толық

Өлсем – елеспін

  • 0
  • 0

Өлсем – елеспін,
Көмсең – дөңеспін.
Келсем, неге өлдім?
Өнсем, неге өштім?

Толық

Қарап көріңіз