Өлең, жыр, ақындар

Бауырым Ахметжан!

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1851
Бауырым, денің сау ма, Ахметжан!
Халқыңды жауынгерім мақтандырған.
Жарың жайнап, бауырлар гүлдей күліп,
Жас қырандай түледі алтын анаң.
Ту тігіп, туған жерің Баянаула,
Шаттанып ер ұлына, аспандауда.
Масатпен жігерленед қазақ халқы
Оғыңның үнін естіп атқан жауға.
Жауынан жасқанған жан ер бола ма,
Еріне сүйінбеген ел бола ма,
Отан үшін, келешек бақыт үшін,
Отты бол, ер жүрек бол, қорғалама!
Орденің Жұлдыз, айға шағылысқан,
Сәулесі келіп түсед - бізге алыстан.
Сендерді қамтамасыз ету үшін,
Еңбекті үдетеміз жалықпастан.
Ақындар қаламынан бал тамызып,
Айтысып, шаруа, өндіріс күшін жазып,
Тылда да, майданда да шабыт беріп,
Кербез ән, күй сайрауда жаныңа азық.
Көп сәлем достарыңа ақын жаннан,
Шертілді жүрек қылы қуанғаннан,
Ерлерім! Жауды құртып, сау қайтыңдар,
Баса бер сағат сайын алға таман.

Шымкент. 10/1 1944 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қосқанат

  • 0
  • 0

Бұлтпенен араласып аспанға ұшып,
Ерлерім сайрандаңдар еңбек құшып,
Тілдескен аспанымен еңбекшілер,
Білімнің ұлы теңіз сырын шешіп.

Толық

Бесінші желдірме

  • 0
  • 0

Қарағанды - үшінші алып көмірлі
Гүлдендіріп нұрға малып өмірді,
Тілегі бір, жүрегі бір миллион күш,
Кен шығарып, жем шығарып - ұлы іске берілді.

Толық

Кәрібай шал

  • 0
  • 0

Күн суық қыстың күні, даласы қар,
Жол оңап жүргізбейді тағы да тар.
Жүк салып арық атқа өлең айтып,
Келеді ыққа қарай Кәрібай шал.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар