Өлең, жыр, ақындар

Кiм екен екеумiздi дуалаған

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 359
Кiм екен екеумiздi дуалаған,
Ит қосып «Итжеккенге» қуалаған?
Хат жазып Алла атынан ақ қағазға
Күпiр деп, күнəлi деп куəлаған?
Кiм екен екеумiздi дуалаған
Арасын ақ-қараның сұрамаған?
Еңсесiн елес құрлы тiктей алмай,
Есiктiң аржағынан сығалаған?
Кiм екен екеумiздi дуалаған,
Аңдаусыз арамызға сыналаған?
Пейілiне пенделiктiң нендей шара,
Қимаған қылдай қызын мына маған?!
Кiм екен екеумiздi дуалаған?
Өзiмнен өзге ешкiмдi кiнəламан.
Құдай хақ,
Перiште пəк..,
Жан бар ма екен
Жалғанда құламаған, жыламаған?..
Кiм екен екеумiздi дуалаған,
Ит қосып «Итжеккенге» қуалаған?
Шүбəсiз, əмбеге аян бiр ақиқат –
Күнəсiз туды дейсiң кiм анадан!..
…Кiм екен екеумiздi дуалаған?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түн балладасы

  • 0
  • 0

Арудың арбады ма тəнi ашылып,
Айрылды ақыл-естен бала шыбық.
Келiншек кең төсекте керiледi,
Шамасын шалажансар шарасы ұғып.

Толық

Қасіреттің қаншығы

  • 0
  • 0

Қасіреттің қаншығы
Əуселемді əуір ғып,
Жүрегімді жаншыды
Қорғасындай ауыр жүк.

Толық

Қайда беттеп баратсың

  • 0
  • 0

«Қайда беттеп баратсың, – деп, – əу, батыр?»
Екеумiздiң арамызда тау жатыр.
Ғұмыр жетпес тауды айналып өтерге,
Қаңғырудың қажетi не бекерге?

Толық

Қарап көріңіз