Өлең, жыр, ақындар

Алдау, арбау, мəймөңкелiк, мекерлiк

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 525
Алдау, арбау, мəймөңкелiк, мекерлiк..,
Бiр басыңа барлық өнер жетерлiк.
Жан-тəнiмдi жаулағаның – бiр ерлiк,
Балдай балқып баурағаның – екi ерлiк.
Сендей сұлу талайларға арман, ə..,
Жалғыз жүрек жамалыңа пəруана!
Бозторғайдың бостандығы – боз көде,
Тоты байғұс сайрай берер торда да.
Тоты халiн кешкенiме қай заман?
Аспанымда – жұлдыз желең, Ай жалаң.
Өле-өлгенше арыла алар ма екенмiн
Өрттен, дерттен өнбойымды жайлаған?
Басым аман болса деп ем бақастан,
Қайран жүрек қашан шығар қапастан?..
Тал гүлiм бар шырмауықпен матасқан,
Тағдырым бар шаңқай түсте шатасқан.
Кiм ұғынар Тоты халiн, тор мəнiн
Қайда менiң қорғаным мен орманым?
Перiште едiм…
Пенде ғұрлы болмадым,
Неге сонша өзiмдi-өзiм қорладым?..
Қорладым ба,
Қорландым ба,
Хақ бiлер,
Жағдайыма жақын налып,
Жат күлер.
Таң нұрынан тəж киюдiң орнына
Күнмен бiрге күңiренiп батты дер…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Хан, мақтанба

  • 0
  • 0

Хан, мақтанба,
Адасқан ел жөн сұрар қаңбақтан да.
Қара түнге айналар дүйім дүние,
Қара көздің ішіне қан қатқанда!

Толық

Атамекен

  • 0
  • 0

Апайтөс тау – қар қомында,
Баурайында – ауылдар.
Сол бір таудың ар жағында
Ағайын бар, бауыр бар.

Толық

Ешкімнің де мақтауы мастандырмас

  • 0
  • 0

Ешкімнің де мақтауы мастандырмас,
Ешкімнің де даттауы жасқандырмас.
Жылап келіп,
Өмірден жылап өтер

Толық

Қарап көріңіз