Өлең, жыр, ақындар

Қызғаныш

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 303
Тапсам еттi бiр емiн,
Шықсам еттi еркiнен:
Жүктi болды жүрегiм
Қызғаныштың дертiнен.
Күптi болды күрсiнге,
Жегi жайлап жан-тəндi.
Сүйрелейдi құр сүлде
Сүйегiм мен қаңқамды.
Сенiм, Сезiк өзара
Қырғиқабақ аңдысып...
Көңiл – шала, көз – ала,
Жаным жапа, хал мүшiк.
Ұрғашыдан жерiдiм,
Бiрi – қайғы, бiрi – бақ.
Көңiрсидi көңiлiм
Күлiмсiреп жүрiп-ақ.
Шымылдық деп түргенiм
Шымқай қызыл жел ме екен?
Перiште деп жүргенiм
Пешенелi пенде екен.
Көп дұшпанның көзiнше
Көңiлiңдi пəс қылма.
Қаншығынан безiнсе,
Қаңғып кетер қасқыр да!
Кiмге налып, күлермiн,
Уға айналса шырыным?
Желге шашып жiбердiм
Махаббаттың ұрығын!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тəнім өледі

  • 0
  • 0

Тəнім өледі –
Қабір қалады.
Талым өнеді –
Тамыр қалады.

Толық

Ол

  • 0
  • 0

Жабырқап жадау жүрек,
Жайқалмай жыр,
Ол саған жан сезiмiн айта алмай жүр.
Жасқанып есiгiңнен ене алмай жүр,

Толық

Қамап қойып ішіне тас қамалдың

  • 0
  • 0

Қамап қойып ішіне тас қамалдың,
Тағдырымды табанға тастаған кім?
Енді кімге айтамын арманымды? –
Мен өзімнен бүгінде басқа адаммын!

Толық

Қарап көріңіз