Өлең, жыр, ақындар

Мөп-мөлдiрсiң

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 261
Мөп-мөлдiрсiң,
Тұп-тұнжырсың,
Тұнықсың,
Тұнығыңда тұма барын кiм ұқсын.
Жар қойнында жалыныңа шарпылып,
Жазған жүрек жалғыз саған құнықсын!
Тұп-тұнықсың,
Мөп-мөлдiрсiң,
Тұнжырсың,
Тұнжырыңда тың жын барын кiм бiлсiн.
Барым сенiң баяныңа бас ұрып,
Жаным сенiң жамалыңнан үргiлсiн!
Тұп-тұнықсың,
Тұп-тұнжырсың,
Мөлдiрсiң,
Өзегiме өрт жалатқан өндiрсiң.
Көбелектей көркiңе ынтық Пəруана
Көктегi Айды алақанға қондырсын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алдау, арбау, мəймөңкелiк, мекерлiк

  • 0
  • 0

Алдау, арбау, мəймөңкелiк, мекерлiк..,
Бiр басыңа барлық өнер жетерлiк.
Жан-тəнiмдi жаулағаның – бiр ерлiк,
Балдай балқып баурағаның – екi ерлiк.

Толық

Көкiрегiнде көлдей тұнық мұңы бар

  • 0
  • 0

Көкiрегiнде көлдей тұнық мұңы бар
Ақын жанын сен ұқпасаң кiм ұғар?
Аспанда емес,
Алты қаздың əуенi

Толық

Қапылып

  • 0
  • 0

Қапылып,
Қандай болып барады күн?
Жадыңды жаулар ма екен жаңа жырым?
Жауырын жауырланып кетті білем

Толық

Қарап көріңіз