Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Соғыс

  • admin
  • 24.11.2015
  • 0
  • 17
  • 27987
Әскер жиып аттандық,
Бекетай еді тұрағым.
Айғайлап жауға тигенде
«Ағатай беріш!» ұраным.
Бекетай құмға ел қонып,
Байбақты Жүніс аттанды,
Қосылуға дем болып.
Құдайлады хан ұлы,
Іздеген жауы біз болып.
Жау қарасы көрінді,
Жиылған әскер бүлінді.
Исатай - басшы, мен - қосшы
Исатайдың сол күнде
Ақтабан аты астында,
Дулығасы басында.
Зығырданы қайнайды,
Астына мінген ақтабан
Ақ бөкендей ойнайды.
Қасына ерген көп әскер
Маңыраған қойдай шулайды.
Артымыздан келіп қол жетті
Аз жетпеді, мол жетті.
Жеткен жерін айтайын -
Бекетай құмның басында,
Ағаш үйдің қасында...
Түніменен түйіндік,
Таң атқанша тарандық.
Таң ағарып атқан соң
Төңірек жаққа қарандық.
Қарап тұрсақ, әр жерден
Жау бір өрттей қайнайды,
Қайнағанмен қоймайды -
Мылтығын қардай боратып,
Жетіп келді қамалға -
Қамалды бұзып аларға.
Әскердің алды бөгелді,
Қырдан ойға төгілді,
Орыс добын үш атты...
Доптың үні шыққанда,
Сонда батыр жөнелді.
Жөнелмей батыр неғылсын? -
Ерсары менен Қалдыбай -
Екі арыстан тең өлді...
Жетім-жесір көп қалды,
Хан әскері кенелді...
Қызғыштай болған есіл ер
Қайран да жұрттан не көрді?!

Басқа да өлеңдері

Өлең айтып толғадым

  • 0
  • 0

Өлең айтып толғадым,
Көкірегімді басарға.
Қаралай отын жармадым
Тас қазанға асарға.

Толық

Мұнар күн

  • 1
  • 8

Мұнар да мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн,
Буыршын мұзға тайған күн,
Бура атанға шөккен күн,

Толық

Қарағай шаптым шандоздап

  • 0
  • 0

Қарағай шаптым шандоздап,
Хан қарасын жоямын деп,
Жолбарысша жорыттым,
Етіне құлан тоямын деп...

Толық

Пікірлер (17)

асел

мугалим маган осынын 80 оленин жаттап кел деген кушти екен мен скоро 1 ши орын аламын насип болса сизге коп рахмет

әбілқайыр

Сіздерге көөп көөп рахмет.Лариса апайымнан мақтау сгз еститін болдым

бакдаулеи

админ рахмет

Айбек

көп рахмет
іздегенімнің бәрін таптым

Сара

Бизде алтыншы сыныпта Махамбетің олендерінен жарыс отеді оте жаксы олендері бар

Думан

Сіздерге көп раxмет сіздер болмасаныздар мен 2алатын едим

Ара

Рақмет

Андрей

Рахмет сиздерге.Издегенимди таптым.

аружан

Рахмет

аруки

керемет. рахмет.

Муми муми

Сиздерге кооп рахмет айтам жарыска катисатын едим кушти болды

Раушан

көп көп рахмет

Наргиза

РАХМЕТ көп көп

Бота

іздегенімді таптым көп рахмет

Бота

көп
рахмет

Аяжан

м.мақатаевтің соғыс деген өлеңін тауып беріңізші

Индира

рахмет

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...