Өлең, жыр, ақындар

Қоштасу

  • 24.11.2015
  • 0
  • 8
  • 15510
Қош бол, досым, жақыным!
Уақыт тығыз, сөз қысқа.
Кетіп бара жатырмын
Сұрапыл бір соғысқа.
Тепкісінде соғыстың
Дүние мендеп жатқанда,
Ажал бейне фашист сұм
Қасқыр болып шапқанда! -
Қоян емен, адаммын,
Қайтіп бұғып жатармын!
«Жаны тәтті жаманның» -
Сыналар күні мақалдың.
Сыналар күні жігіттің,
Қош бол, досым, сөз қысқа!
Зіл боп ойым, мен кеттім
Сұрапыл бір соғысқа!

1941.



Пікірлер (8)

Балжан

Өте керемет маған ұнады!

Арайлымм

Маганда қатты қатты ұнайды.Кунде окимын♥♥

Арайлымм

Тамаша

МЕЙІРЖАН

Тамаша маған ұнады

Арайлым

Маған бəріңнен қатты ұнады☺

Досанбек Арайлым

Маған ұнады

инабат

өте керемет

аружан

өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Аламыз жаңа винтовка

  • 0
  • 0

Аламыз жаңа винтовка,
Жалаулар тағып штыкке!
Даярлар мерген кружокқа
Барамыз әнмен біз тіке. Бір!

Толық

Өлең туралы

  • 2
  • 0

Отырам кейде құрысып,
Бойымда бір жүк жатқандай.
Өтеді уақытым жылысып,
Өз міндетін атқармай...

Толық

Қанжар

  • 0
  • 0

Серігім әрі жарқын, әрі ызғарлы,
Сүйемін асыл болат бұл қанжарды;
Кекке арнап ойшыл грузин соққан сені,
Қайраған еркін черкес бір қаһарлы,

Толық

Қарап көріңіз