Өлең, жыр, ақындар

Төңіректі тұрғандай бір зіл басып

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2073
Төңіректі тұрғандай бір зіл басып,
Отырсың сен жалғыздықпен мұңдасып.
Жәудіреген жанарыңды түн торып,
Үміттер мен күдіктерің жымдасып.
Дәурен қайда жүретұғын сән құрып?
Дәурен қайда тұратұғын таң күліп?
Ұзақ жылдар мұң жұтып та шыдарсың,
Бірақ шыдау мүмкін емес мәңгілік.
Тоқтамдардың таңдап тауып бекемін,
Толтыр босқа өткен күндер өтемін!
Мұңнан солай құтқара алсаң өзіңді,
Біл мені де құтқарғаның екенін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаз шықты да...

  • 0
  • 0

Жаз шықты да,
Жаз шықты да,
бар табиғат шешінді,
Әр әсердің бағамы бар кесімді.

Толық

Ырым

  • 0
  • 1

Үйден де шықпап едім ұзап бүгін,
(Күйбеңмен көрмейміз ғой біз-ақ тыным!)
Жүрегім жалғыздықтан жалықты ма,
Кеудеме сыймай қойды ұзақты күн.

Толық

Бір қателік тапты ма екен құрбаның?

  • 0
  • 0

Бір қателік тапты ма екен құрбаның?
Кімге қажет аз күн сайран құрғаны?
Сергек әлем бүгін неге сенбейді?
Көрмей ме жұрт қыздың жылап тұрғанын?

Толық

Қарап көріңіз