Өлең, жыр, ақындар

Мың жылғы ұйқы

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 255
… Моласындай бақсының,
Жалғыз қалдым тап шыным.
Абай.

Мың жылғы ұйқыдан тұрып,
Уілге үн қосқан дала.
Жүрегін қасірет буып,
Маң басып келеді дана…
Қараша желімен ұшқан,
Жапырақ – жалғанның сиқы.
Мезгілсіз жүйкені қысқан,
Не деген айықпас ұйқы.
Мұңына хакімнің ауыр,
Желп етпес нас басқан сана.
Атадан бір туған бауыр,
Бәрібір…
Жалғыздық ғана.
Жалғыздық – құдірет тегі.
Бұйырмас пендеге басқа.
О, ұлы сахара елі,
Айналдың қап-қара тасқа.
Тіліңді кәлимаға елтіп,
Күрсінді, күңіренді абыз…
Ғасырдың түнегін серпіп,
Тағы бір отқа май тамыз.
Орнында оңалар жұрттың,
Білмеймін…
Бар тағы несі.
Баяғы
О, өңкей қырттың,
Басып тұр бабатай десі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күз

  • 0
  • 0

Сұрғылт аспанның құрсағын
қақ жарып шұбырған керуен,
Тоқтап қалған сағаттың
ауыр үнсіздігін есіме салып...

Толық

Бесік

  • 0
  • 0

«Кім екен?» – деп сұраса ақын деген,
«Жауап таппай қиналған
пақыр», – дер ем...
Кім екенін көреді-ау бір күндері,

Толық

Ұлы жыр

  • 0
  • 0

Жазира жапан түз
жамылған кежім – жыр,
Тарихым қашалған тастарға көгілдір.
Күн түбін жаңғыртқан тұлпардың тұяғы,

Толық

Қарап көріңіз