Өлең, жыр, ақындар

Алтай

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 799
Көрмегелі көп болды-ау ақ қарыңды,
Төбеме төңкеріп ап аспаныңды.
Е, Алтай!
Есім кетіп еңіредім,
Түсімде тас қып құшып тастарыңды.
Кірпігіме қонатын қылау ұшып,
Ақ сүңгі тал кеп тұрған жылағысы.
Толастамай жауатын торғайбас қар,
Тонға оранған апамның шылауышы.
Бәрі,бәрі есіме түсті бүгін ,
Көктен талып жеткенде құстың үні.
Қалш-қалш етіп тұр ме екен тас обалар,
Бетін жұлып алтайдың үскірігі,
«Қарашада қар жауар қатырлаған,
Батыр жігіт Алтайдан ат ұрлаған...».
...Иен қыстау, бөрі үні, әже ертегі,
Найзағай жыр кеудемде шатырлаған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қан

  • 0
  • 0

Борбай еті борша боп
боздай көшкен ел едік,
Жылай-жылай нұры да
тайған жәутең көз едік.

Толық

Алматы. Ойынхана

  • 0
  • 0

Аспанның ағылған бозқырау тамшысы,
Жапырақ бояуын мезгілге тонатқан.
Жалынсыз жанарлар көшеде шарпысып,
Адамдар осылай өздерін жоғалтқан.

Толық

Алтайды аңсау

  • 0
  • 0

Алтайдың қысы тым ұзақ,
Алтайдың қысы тым басқа.
Қиялдан тұлпар мініп ап,
Шегесің сапар бір басқа.

Толық

Қарап көріңіз