Өлең, жыр, ақындар

Алтайды аңсау

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 214
Алтайдың қысы тым ұзақ,
Алтайдың қысы тым басқа.
Қиялдан тұлпар мініп ап,
Шегесің сапар бір басқа.
Әулие ақпас шоқылар,
Қарайды сұсты ғаламға.
Өзінен өзі оқылар,
Бір сыр бар осы заманға.
Аңсайды бәлкім алғашқы,
Аңқау да адал тұрғынын.
Сағынған шығар зар жақты,
Зарлығы менен Мұңлығын.
Буазып бұлттар бұйығып,
Тастарға анау жас тамған.
Көк жалқын отқа сиынып,
Алтайда тірлік басталған.
Алтайдың түні тым басқа,
Алтайдың түні кіл ертек.
Ол жерде кешер мұң басқа,
Дәуірді ұмытып тым елпек.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ораза

  • 0
  • 0

Бір ұрттам қара суды аңқам кеуіп
Қадірін біліп, қанып ішпегелі қашан?
Мені илеген шебер қолдың табы қалған,
Дымқыл топыраққа маңдайымды басам...

Толық

Апамның монологі

  • 0
  • 0

Құлыным-ау,
Тірісің бе келші үйге,
Ұлан-асыр той боп жатыр көрші үйде.
Иір-қиыр жолдар жатыр жоғалып,

Толық

Алтай

  • 0
  • 0

Көрмегелі көп болды-ау ақ қарыңды,
Төбеме төңкеріп ап аспаныңды.
Е, Алтай!
Есім кетіп еңіредім,

Толық

Қарап көріңіз