Өлең, жыр, ақындар

Жазғы күні орманда

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 412
Жасыл шөптің исі мұрын жарады,
Таза ауа исіндірді тамырларды,
Ағаш, шөп, жапырақтар мүлгігендей,
Мың түрлі көркем бояу көздің алды.
Алтын күн ну орманға нұрын септі,
Барлық ағаш иіліп тәжім етті,
Дірілдеген жапырақ арасынан
Көлеңкеге алтынды сәуле етті.
Қарға қарқ, шыпшық шіңк-шіңқ орман ың-жың,
Жақ біткен жаңылмайтын неткен бұл үн!..
Соларға құлақ түрсең, есітсең
Саздарын нешетүрлі тәтті жырдың.
Жерде де құрт-құмырсқа еріп жүрген,
Жәй жүрген жоқ, несібін теріп жүрген,
Бәрі де шат секілді қарап тұрсаң,
Адамдай кемеліне келіп жүрген.
Жаз болды, жаратылыс неткен оңды!
Нені керсең, көңілге түгел қонды.
«Жарқырап жаз келеді» деген мақал
Біздің елдің осындай жазы болды.

1925



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қысқы кіреші

  • 0
  • 0

Аппақ мидай кең дала,
Ирең күртік айдала,
Сырғанайды бұрқасын.
Біріне-бірі жалғасқан,

Толық

Поэзия маршалы

  • 0
  • 0

Тоқтат,
Дүние,
Дабырды!
Не керек,

Толық

Бүгін қатын биледі

  • 0
  • 0

Рысты бай Күңшашты
Дейтін еді «албасты»
Күңшаш онда «мәжін» ед,
«Өсекші» ауыз, «сұғанақ»,

Толық

Қарап көріңіз