Өлең, жыр, ақындар

Қысқы кіреші

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 293
Аппақ мидай кең дала,
Ирең күртік айдала,
Сырғанайды бұрқасын.
Біріне-бірі жалғасқан,
Төбе-төбе қар басқан,
Ағаштың жел жақ қырқасын
Қылқиған қурай қылтанын,
Жайқалған ағаш бұтағын,
Ағарған қырау басып тұр.
Күннің көзі қылтыңдап,
Қар ұшқыны жылтыңдап,
Көктен күміс шашып түр.
Керілген кең далада,
Қисайып жатыр шанада,
Кірешілер келеді.
Мұрыннан буы бұрқырап,
Үстінде қырау жылтылдап,
Аттар борт-борт желеді.
Кей жерде тақтай даңғыл жол,
Кей жерде дең, кей жерде өр,
Ала-құла жол үсті.
Селкілдетіп доғасын,
Сықырлатып шанасын,
Салады ат бар күшті.
Аязға бетін жалатып,
Арқасын желге қаратып,
Кіреші әнге басады.
Біразы жолда алысып,
Шанамен қатар барысып,
Уыстап қарды шашады.
Екі қолын қусырып,
Жағасынан бу шығып
Шоқпыт-ақ отыр шанада.
Артылған үйде астығын,
Қапшыққа тиеп бастырып,
Әкеле жатыр қалаға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Биылғы май

  • 0
  • 0

Бұл Отанның Майы да
Коммунистік
Партияның әлпешті ұлы болды.
Әрбір жылдың айы да

Толық

Аракстың бойында

  • 0
  • 0

Араксты жағалап біз келеміз,
Бергі беті біздікі, ар жағы Иран.
Екі жаға гранит, бейне көк мұз,
Кей тұс қорған сияқты, қолдан құйған.

Толық

Жаса, Украина

  • 0
  • 0

Жерім, суым, тарихым, тағдырым бір,
Тату-тәтті тетелес ескен құрбым,—
Украина, құлдыққа көнбей сан жыл,
Азаттық биігіне құлаш ұрдың.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар