Өлең, жыр, ақындар

Аракстың бойында

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 285
Араксты жағалап біз келеміз,
Бергі беті біздікі, ар жағы Иран.
Екі жаға гранит, бейне көк мұз,
Кей тұс қорған сияқты, қолдан құйған.
Кейбір тұсы еңістеп, етек жағы
Көлбей біткен кетеді дала болып.
Ол тұстарда ауылдар, өскен бағы,
Кейбір ауыл үлкейген қала болып...
Темір жолмен біздің жақ шеңберленсе,
Оныменен жарыса құйылса асфальт;
Иран жағы есекпен, сорлы елдерше
Тауға өрлейді соқпақпен «Қыхк» деп қақсап.
Біздің қала өрілсе граниттен,
Ирандардың үйлері құйған лай.
Күні құрысын, деймін-ау, елдің бүйткен,—
Жалба күрке, тұрғандай қайыр сұрай.
Біздің жақта трактор жерді жыртса,
Иран жақтан таң болып қатын-қалаш
Мойнын соза қарайды.
Жүнді құртша,
Ол жақта сүйретілген ағаш-омаш.
Ой-қиялың, ән-күйін, бір заманда
Суындай тасқан халық Аракстың,
Сорлы болар, киліктің не аранға,
Қайыршы халге мұндай қайдан түстің?
Айтпаса да білемін жәй-күйіңді,
Торына шырмалдың сен жиһангерлік.
Үстіңе таудан ауыр пәле үйілді,
Әлің бітті, кеудеңнен басылды ерлік.
Бірақ сен өлген жоқсын.
Жылдан-жылға
Келеді өнбойыңды кернеп ашу.
Жегі құрттай жайлаған обыр-сұмға
Күнің жақын, өзендей қайта тасу.
Компартия бастаса тасқыныңды,
Бостандықтың құйылар арнасына.
Өзің билеп мұнай мен астығыңды,
Ерік тиер мәңгілік мал басыңа.
Кәрі тарих өлкесін түптен жайлап,
Келесің ескі елдердің қатарында.
Бір кезде бостандықтың туы жайнап,
Сенің, де бақыт орнар отаныңда.

1954



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

ІІІ — Тың толғауы

  • 0
  • 0

Хатыңды, ақын інім, ерте оқып,
Пайдалы сөзін ойға алғам тоқып.
Беруге іле жауап, көп қағаздың
Отырдым арасында, жатқан қоқып.

Толық

Электр шамы

  • 0
  • 0

Қараңғыда жаңқаның жарығымен
Жазыпты-мыс Фирдоуси Әбулқасым,
Абайдың да,
Иісті жалынымен

Толық

Берлин алынды

  • 1
  • 0

Көз жасын көлдей қылған талай елдің,
Сан жетпес жүректерге қайғы-шердің
Уын төккен,
Ордасы — жылан, шаян,—

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар